Мұғалімін кінәлап хат қалдырған: Түркістанда оқушы асылып қалды
Түркістан облысында оқушы бала асылып тұрған жерінен табылды.

Қайғылы оқиға Шардара ауданында болды.
14 жастағы баланы өлі күйінде жақындары тауып алды. Олар оқушының өзін қол жұмсағанын кеш көрген. Жедел жәрдем қызметі келгенде жеткіншек өлі күйде болды.
Оқушы өлер алдында хат жазып қалдырған. Хатта оқушы өзінің өліміне мұғалімін кінәлапты.
Қазіргі уақытта полиция тексеріс жүргізуде. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалады.
Шардада аудандық білім басқармасы оқиғаны растады, алайда әзірге ешқандай ақпарат айтылмайтынын жеткізді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған