Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын дайындау ұсынылды

Ауылдық дәрігерлер мен мұғалімдердің 7-20-25 бағдарламасы бойынша баспана алуға мүмкіндігі жоқ. Сенат депутаттары осылай дейді. Олардың есептеуінше, бюджет саласының қызметкерлерінің алып отырған жалақысы жеңілдікпен берілетін баспананы алуға жетпейді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге арналған жеке тұрғын үй бағдарламасын дайындау ұсынылды

«Жоғары санатты дәрігер кезекшілікті қоса алғанда 86 мың теңге, қатардағы қызметкер 77 мың теңге алады. Осы себепті ауыл және аудандағы бюджет қызметкерлері бұл бағдарламаға ілінбей қалады», - дейді сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев.

Сенаторлар бұл мәселені шешу үшін салалық ведомстволарға мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге арналған жеке бағдарлама дайындауды ұсынды. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7-20-25 бағдарламасын үлескерлік құрылысқа қосуды ұсынып отыр. Десе де Ұлттық банктегілер бұл бастаманы құптай қоймай, тым қатерлі екенін айтты. Ұлттық банк мәліметінше, бүгінде елімізде 50-ден аса проблемалық тұрғын нысаны бар. Ал құрылыс компанияларының жауапсыздығынан 14 мыңнан аса адам зардап шеккен.

«Құрылыс компанияларының тәуекелдерін кепілдендіру үшін тұрғын құрылысына кепілдік беру қоры есебінен жабу туралы ұсыныс айтылды. Бірақ ондағы капитал мен бағдарлама деңгейін салыстыруға келмейді. Үлескерлік құрылыс үйсіз жүргендерді баспанамен қамту мәселесін шешпейді. Бұл тек болашақта пәтер аламыз деген үміт қана», - дейді Ұлттық банктің департамент директоры Дәурен Сәлімбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау