«МұзАрт» тобы көрермендеріне Қазақстанда бұрын соңды болмаған сый жасады
«МұзАрт» тобы көрермендеріне күтпеген сый жасады. Әйгілі топ қазақ эстрадасының тарихында тұңғыш рет ұялы қондырғыларға арналған альбом шығарды.
Қазақ әншілерінің мұндай жаңашылдығы туралы аталмыш топтың солисі Сәкен Майғазиев тыңдармандарға әлеуметтік желіде жариялады.
“МұзАрт” тобының “Ұлы Дала” атты ұялы қондырғыларға арналған альбомды ұсынып жатырмыз! Қазақстанда алғаш рет шығып жатқан осындай smart альбом келешекте еліміздің музыка индустриясын заманға сай өзгертеді деп сенеміз. App Store және Play Market-тен жүктеңіздер!”, – деп жазады топтың солисі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
