«Муз-ТВ» арнасы басшысының әйелі Майамиде төртінші перзентін босанды
«Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровтың төртінші баласы дүниеге келді. 13 ақпан күні 45 жастағы медиаменеджердің зайыбы Майамидегі беделді клиникалардың бірінде салмағы 3 030 грамм және бойы 52 сантиметрлік қыз босанды.

Бұл туралы super.ru сайты хабарлайды.
Кристина Орбакайте және басқа да көптеген ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары да сонда босанған болатын. Арманның отбасындағы бұл төртінші бала. Ерлі-зайыптылардың бұдан басқа 10, 8 және 5 жастардағы үш ұлы бар. Көпбалалы әке «Мен ең бақытты әкемін!» деп өзінің қуанышымен бөлісті.

"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген