1. Көпшілік кітапханалар. Исламның ерте кезеңдерінде әлемдегі мешіттер интеллектуалдық пікірталастар өтетін орындардың бірі болды. Мұнда құлшылық етіліп қана қоймай, ішінде дін, философия, ғылымға байланысты көптеген кітаптарға толы кітапханалар да болатын. Бұл кітапханалардан жұрт кез-келген уақытта кітап алып, оқи алатын.
2. Хирургиялық құрал-саймандар. Х ғасырда өмір сүрген, хирургияның әкесі саналатын белгілі мұсылман хирургы Қасым әз-Захрауи көптеген хирургиялық құрал-саймандарды ойлап тапқан еді. Олар бүгінгі медицинада әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Захрауи ойлап тапқан заттар арасында скальпель, хирургиялық қайшы мен ине де бар. Сонымен қатар, ол сұйықтықты өздігінен сіңіріп алатын тігіс материалын да шығарған.
3. Алгебра. Жеке ғылым ретінде алгебраны қолданысқа парсы математигі әл-Хорезми енгізген. Ол 800 жылдары алгебралық теңдеулерді шешудің жолдары көрсетілген трактат жазады. Алгебра Исламның алтын ғасырында жаңа биікке көтерілді.
4. Оптика. ХІ ғасырда Ибн Хайсам атты мұсылман ғалымы адамның көруіне қатысты ескі көзқарастардың бәрін жоққа шығарды. Ол уақытта адамдар көзден арнайы жарық шығып, сол арқылы көреміз деп ойлайтын. Ал Хайсам болса, керісінше, көздің сырттан келген жарық сәулелер арқылы көретінін дәлелдеген.
5. Кофе. Кофе дәндері алғаш Эфиопия жерінде пайда болды, оны өсіру де сол жақта дамыған. Бірақ XV ғасырда хабашиліктермен сауда жасаған мұсылман-арабтар Йеменде сол қара түйіршіктерден сусын жасап шығарады. Олар кофе дәндерін қуырып, артынан суға салып қайнататын. Дайын болған сусынды сопылар түні бойғы құлшылықта сергек болу үшін ішетін. Бүгінде сол сусын «кофе» деген атаумен әлемге танымал.
Жіберіп алмаңыз:
Анамның болашақ күйеубаласы: Бойжеткен ұсыныс жасаған жігіттерді 5 топқа бөліп қарастырды
Қазақстандық әнші ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін шығарумен айналыса бастады (фото)