Мұсылман қазақ әйелі христиандарға шіркеу сыйлады
Ресей Федерациясының Челябі облысына қарасты Троицк қаласында православ епархиясы мұсылман әйелден өзгеше сыйлыққа ие болды.

Фото: islam.kz
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда, мұсылман әйел ғибадат ғимаратын православтарға тарту еткен. Ғалия Исекеева есімді кәсіпкер әйел кафе ашу үшін ескі ғимаратты сатып алған екен. Алайда, бұл ғимараттың бұрын ғибадат ететін орын болғанын білгеннен кейін алғашқы ойынан айныған.
Махалля мешітінің имам-мұхтасибі Аязбек Нұртышевтың кеңесімен ғимаратты православтарға тегін берген. Православтар оның сыйлығын қабыл алып, жөндеуден өткізуге ниетті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі