Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұратхан Тоқмади Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін тағы мойындады

Таразда 13 жылдан кейін кісі өлтіргенін мойындаған Мұратхан Тоқмадидің ісіне қатысты аты шулы сот процестің алғашқы тыңдалымы өтті. Үш жылға сотталған шыны королі «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті жеке Әблязовтың тапсырысымен қасақана жазым еткенін түрмеде жатып мойындаған. Енді ол осы қылмысы үшін заң алдында жауап беруде, деп хабарлайды КТК арнасы.

Таразда өтуінің себебі Тоқмәди мойындап отырған қанды қылмыс Жамбыл облысының аумағында болған. Адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тоқмади ісін облыстық сот өткен аптада қарауға алған. Әу баста айыпталушы сот процесіне тек онлайн режимінде қатысады делінген. Бірақ олай болмай шықты.

Шыны королі сот отырысына өзі келгенімен, оның өзі де адвокаты да бірден түсірілім жасауға рұқсат етпеді. Судья өтінішті қанағаттандырды. Ал, жалпы Мұратқан Тоқмади сау басына сақина тілеп алды десе болады.

Өйткені ол «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшы Ержан Тәтішевті қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін жария етіп қойды. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіздеу.

«Ол Ержанның көзін жою керектігі жөнінде ұсыныс жасады. Бұл іс аңшылық кезінде байқаусызда болған оқиғадай жүзеге асуы керек еді. Ол былай болады. Қаруды маған беріп жатқан кезде мен атып жібердім. Ержан сол жерде өліп кетті», – дейді айыпталушы Мұратхан Тоқмади.

Осылай деп сайраған күдікті сол кезде қылмысқа Мұхтар Әблязовтың тапсырыс бергенін және Тәтішевті қасақана өлтіргенін жасырған еді.

Ал тергеушілерге Тәтішевтің қаза болу себебін басқаша түсіндірген. Яғни, Отар жазығында аң аулап жүріп машина ішінде оның қолындағы қарудан оқ марқұмның басына абайсызда атылып кетті деп ақталған еді. Осы қылмысы үшін ол небәрі бір жылға сотталып, тіпті рақымшылыққа ілініп көп ұзамай түрмеден босап шықан. Ал, қылмыстық іс сол күйі жабылған болатын.

Белгілі кәсіпкердің бұған дейін үш жылға сотталғанын айта кетейік. Ол өткен жылы бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталып, бірақ кінәсін мойындап, әрі тергеуге көмек бергені үшін жазасы едәуір жеңілдеген. Ал, бұл жолы шыны королі оңай құтылмайтын тәрізді. Адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тоқмади тіпті өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Астаналық жігіт танымал дүкендер желісінің акциясына алданып қалды

Қарағанды облысында прокурорлар пара алып жатқан жерінде ұсталды

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық қыз ажал құшты

Қызылорда облысында 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болған

Талқылау