Мұрат Мұтырғанов әкесін циркке билетсіз кіргізбегендерге наразы

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 9:19

Танымал цирк артисі, сайқымазақ Мұрат Мұтырғановтың әкесін циркке билетсіз кіргізбей қойған. Артист Алматы қаласы циркінің басшылығына осы әрекеттері үшін ренжіп жүр.

image

Фото: instagram.com/muturganov_murat/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері марапатын Кәрім Мұтырғанов алуы керек болатын. Алайда ол зейнетке шыққандықтан, өз орнына баласын ұсынады. Мұнымен қатар, цирктегі жұмыстарын да тікелей баласына тапсырады. Алматы қаласы цирк басшылығымен Мұраттың арасында түсініспеушілік орын алып, артист өнер шаңырағынан кетуге мәжбүр болады. Осы түсініспеушіліктен кейін цирк басшылығы көрермен ретінде келген Кәрім Мұтырғановты өнер ордасына кіргізбей қояды. Оған күзетшілер арқылы тосқауыл қойып, кіргісі келсе, барып билет сатып алу керектігін айтады. Бұл жағдайға тек Кәрім емес, баласы да наразы.

“Бүгін менің әкем, халық сүйіктісі Кәрім Мұтырғановты, Алматының баурайында орналасқан қара шаңырағына кіргізбей қойды. Мұны адамды қорлау деп білемін! Цирк пен менің арамда түсініспеушілік болғаны рас. Бірақ бұл кикілжіңге менің әкемді араластырудың қажеті қанша? Мен бар болғаны жағдайды ретке келтіріп, көрермендер қатарын арттыруға талпындым. Сөзден іске өтетін кез келген сияқты! Не істеуге болады? Құрметтілерім, сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп Мұрат Мұтырғанов өнер сүйер қауымнан отбасына қолдау білдірулерін өтінді.

Цирктің бұл әрекетіне әкесі де наразы. Ол адамдар арасындағы сыйластық түзелмейінше, өнердің қор бола беретінін айтады.

“Адамның ақ самайы мен оның жетістіктеріне құрмет болмаса, ҚР циркі өнері әрі қарай қалай дамымақ? Бастапқыда ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері мен болуым керектігін барлығы жақсы біледі. Алайда Отанымды, өзімнің зейнетке шығатынымды ойлап, орнымды шәкіртім Мұрат Мұтырғановқа ұсындым. Қасиетті шаңыраққа 40 жыл уақытымды арнап, дәл қазір өнер мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Бүгін Мәдениет саласына жауап беретін шенеунік (цирк директоры) өзінен жасы үлкендерге амандаспайды. Ал “Ресейлік әріптестеріммен қалай тілдесіп, өнерлерін қалай тамашалай аламын?” деген сұрағыма барып билет сатып алуды ұсынды. Қолымда шақыру билетінің тұрғанына қарамастан, билет ал деді. Мен билетке кететін ақшаны аяп тұрған жоқпын. Бар болғаны осындай мәдениетсіздіктің қалыпты дүниеге айналып бара жатқанына қаймығамын. Ешқандай да сый-құрмет жоқ, ал сый-құрмет болмаған жерде өнер де өмір сүре алмайды”, – дейді Кәрім Мұтырғанов.

13098935_1731857417028412_156007258_n

Цирк басшылығын мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз. Десе де, бұл жаңалықты естіген халық “Цирк директоры ұятқа қалыпты. Оны қызметтен кетіру керек. Әкеңіздің алдында кешірім сұрасын”, “Неткен сұмдық! Біз де наразымыз”, “Мұрат, сіздер үшін есігіміз әрдайым ашық. Қандай жағдай болмасын қолдау көрсетеміз. Таныстар қашан да табылады” сынды пікірлер білдірген-ді. Әзірге Кәрім Мұтырғановтың наразылығынан кейін цирк басшылығының қандай әрекетке барғаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Мұрат Мұтырғанов тұрмысы төмен отбасылардың балалары тегін оқитын цирк студиясын ашты

Жұлдыздар қатысқан Алматы марафоны өз мәресіне жетті (видео)

Қазақстандықтар жануарларды циркте пайдаланбау бастамасына үн қосты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар