Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Қожа бірінші некесінің неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді

Мұрат Қожа отандық бағдарламалардың бірінде бірінші некесінің сәтсіз аяқталғанын айтып өтті. Ол алғаш 22 жасында шаңырақ көтерген екен. Айтуынша, бұл жасында оған ақыл айтып, демеу болар адам болмаған. Мұнымен қатар, ол қыздарға ерте отбасын құруға кеңес берді.

15625236_1165762523541965_7634616638532222976_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Қыз баласына ерте тұрмысқа шыққан дұрыс. Өйткені, олардың ой-өрісі ерте жетіледі. Оның үстіне барған жерінде сол әулеттің адамы болып өседі. Яғни оңай сіңісіп кетеді. Бірінші рет 22 жасымда үйлендім. Бұл ақыл тоқтатқан кездегі өзімнің шешімім болды. Ол уақытта ақыл мен тоқтау айтатын адамдар қасымда бола қойған жоқ. Тіпті, жас екенімді де ескермеген екенмін. Бір күні әкеме хабарласып, үйленетінімді айттым. Ол кісі «Балам, 14-15 жасыңнан өзіңді өзің тәрбиелеп келе жатырсың. Қалауың білсін» деп рұқсатын берді. Ата-енесімен бірге тұратын қыздардың ерте үйленгені дұрыс сияқты. Бір-біріне үйренісіп, немерелерді бірге тәрбиелейді. Ал ақыл сұрар адамың болмаса, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағынан қалыптасқаннан кейін ғана отбасын құрған дұрыс», – дейді Мұрат Қожа.

Әнші өзінің екінші отбасы туралы да айтып өтті. Екінші жұбайымен айтарлықтай жас айырмашылықтары бар екен. «Өз адамымды жолықтырдым. Ол адамды сүйіп жақсы көргендіктен, үйлену туралы ұсыныс жасадым. Оның үстіне отбасын құруға дайынмын. Енді қателікке бой алдырғым келмейді. Соның барлығын ақылға салып шештім. Екінші жұбайым екеуіміздің арамыз 11 жас», – дейді ол.

Ал психолог Марал Сарбасқызы өз кезегінде ақыл тоқтатқан шақта ғана отбасын құруға кеңес берді.

«Адам баласында отбасын құру үшін іштей дайындық болуы тиіс. Мінез 24 жаста толық қалыптасып тоқтайды. Қыз бала ер азаматқа қарағанда физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағынан тез дамиды. 18 немесе 24 жаста тұрмысқа шық деп айта алмаймын. Жасы 18-де болса да, көзқарасы 25-тегі жанмен бірдей болатын адамдар бар. Кейде қырыққа келген адамдар он сегіз жастағыдай жүреді. Ал мен айтып отырған іштей дайындыққа отбасы, физиологиялық қалпы, сана-сезімі және қоршаған орта үйретеді. Біздің қоғамда 24 жасқа дейін тұрмысқа шықпаған қызды “кәрі қыз” деп атайды. Осы кезден бастап қыз бала мен тұрмысқа шығуым керек деп жанталасады. Белгілі бір комплекс пайда болады. Өзінің қажеттілігін өтеу үшін емес, қоғамның сценарийімен жұмыс істеп кетеді. Өзінің қажеттілігін ұмытқан адам өзгенің қажеттілігін өтейді. Осы сәтте ішінде іштей қақтығыс пайда болып, балаларына, жолдасына көңілі толмайды», – дейді маман.


Жіберіп алмаңыз:

30 жастағы “Әлем аруы” Гибралтар мэрі болып тағайындалды

Қытайлық жігіт өзінің жыныс мүшесімен жеті автокөлікті сүйреді (видео)

Тайванда бикини киген даяшылар мейрамхананың атағын шарықтатып жіберді (видео)

5 жасында жоғалып кеткен балақай 25 жылдан соң өз анасын іздеп тапты (фото, видео)

Талқылау