Мұрат Әбенов 15 жастан асқан оқушыларға мектеп формасын кигізбеуді ұсынды
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты бастамасына өз пікірін білдірді.
Сурет abenov.com
Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.
“15 жастан асқаннан кейін бала өз бетімен дами бастайлы. Ол жеке тұлға ретінде қалыптасқысы келеді, ал біз оны тек қолдауымыз керек. 15 жастан асқан балаларға мектеп формасын ки деп күштеудің қажеті жоқ”, – дейді Әбенов.
Әбенов ал 15 жастан төменгі оқушылар бекітілген форманы киіп жүруге міндетті деді.
“Мектеп әлеуметтік лифт сияқты болуы керек. Ол жерде әлеуметтік айырмашылықтың көрініс таппағаны дұрыс. Форма балаларды теңестіреді. Бұл біздің қоғам үшін өте маңызды. Қазіргі таңда бізде байлар мен кедейлердің арасы тым алшақтап кеткен. Мәселен, баланың білім алу қабілеті төмен, бірақ ол бай киінетін болса, онда бұл тепе-теңдікті бұзады”, – дейді Әбенов.
Экс-вице-министрдің айтуынша, мектеп формасының да Қазақстанда тігілгені дұрыс. Себебі, бұл да өз кезегінде мемлекет имиджін көтеруге атсалысады.
“Мектеп формасы Қазақстанда сапалы әрі қымбат емес материалдардаг тігілгені жөн болар еді. Бұл ретте ешқандай қиындық жоқ. Мен бұл бастаманы іске асыра аламыз деп ойлаймын”, – деді ол.