Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұның бәрі ойластырылған қойылым: Денис Теннің анасы сот үкіміне шағым түсірмек

Оксана Тен ұлы Денис Тенді өліміне қатысты сот шешіміне апелляциялық шағымдануға ниетті. Бұл туралы заңгер Нұрлан Өстеміров мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Киясов спортшыны өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Іске қосылған үшінші тұлға Жанар Тольябаева төрт жыл алды. Сот қылмыстық іс материалдарын зерттеп, Құдайбергеновтың «Ұрлық», «Адам өлтіру» және «Тонау» деген баптар бойынша айыптағаны дәлелденді. Киясовты «Кісі өлтіру» және «Тонау» деген баптар бойынша кінәлі деп тапты. Ал Толыбаева «Ұрлық» бабы бойынша ақталды, бірақ «Қылмыс туралы хабар бермеу» деген бап бойынша сотталды.

Нұрлан Өстеміровтің айтуынша, апелляцияға екі жағдай көрсетіледі.

«Бүгін біз Оксана Алексейқызымен (Тенмен) кездесіп, апелляцияны ақылдасамыз. Ол шағымдануға келісім берді. Бұған дейін екі жағдай алға тартқан едік. Біріншіден,  Толыбаева осы топтың барлық әрекеттеріне жауапты болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабына («Қасақана») сәйкес қылмыстық іс қозғалуын айттық. Екіншіден, қылмысты ұйымдастырушыларға қатысты іс қозғау керек. Мен Оксана Алексеевның “көлік айнасын ұрлау ойластырылған қойылым” деген сөзіне қосылам”, – дейді заңгер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау