Мұнарадан секіріп кеткен жұбайларды келліссөз жүргізушілер неге құтқара алмады?

Мұнарадан секіріп кеткен жұбайларды келіссөз жүргізушілері неге құтқарып қала алмады? Бұл сұрақ барша қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Мамандар келіссөз жүргізушілері дұрыс емес тәсілді таңдаған деген пікірде.

мунарадан секіргендерді куткармады

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Суицид жасаған жұбайлармен келіссөз жүргізген полицейлерді жергілікті журналистер видеоға түсіріп алған. Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева секіріп кететіндерін айтып қорқытқан. Олардың маңына полицейлер мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар жиналып қалған. Видеодан Владимир мен Әселдің ұрысын және оларды райынан қайтаруға тырысып баққан полицейлердің даусын естуге болады. Алайда екі сағатқа созылған келіссөз жұмыстары нәтиже бермеді. Ерлі-зайыптылар өз өздеріне қол жұмсап, бақилыққа аттанып кете барды.

«Адамдардың айтуынша, төменгі жаққа торқапшық қойылған, алайда отбасылық жұп басқа жағынан секіріп кеткен. Мен де көрдім, ол кезде алыстан бақылап тұр едім», – дейді Құрайлы ауылының тұрғыны Абиболла Козеев.

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің отставкадағы полковнигі Арат Нарманбетовтің айтуынша, мұндай келіссөздердің сәтті аяқталуына ешкім кепілдік бере алмайды. Болмашы ағаттықтың өзі адам өліміне апарып соқтыруы мүмкін. Жағдайды бақылауынан шығарып алмауы үшін келіссөз жүргізуші мықты психолог бола білуі тиіс.

«Мұндай кезде бір топ адамдар жиналып қалмауы керек. Олар онсыз да психологиялық күйзеліске шалдыққан адамдар. Бір, әрі кетсе екі адам келіссөз жүргізуі керек. Өте сабырлы күйде», – дейді Арат Нарманбетов.

Психотерапевт Жібек Жолдасованың айтуынша, өз өзіне қол салу үшін адам айлап, тіпті жылдап ойланады. Егер ол бірден суицидке бармаса, демек ол іштей өзін біреудің құтқарып алатынына үміттенеді. Ал қатты торығып немесе алкоголь және басқа да препараттар қабылдаған адам ғана аяқ астынан өз-өзін өлтіруі мүмкін.

«Олар осы екі сағат ішінде біреудің көмегінен үміттенді. Мұндай кезде адамға оның қажеттілігін көрсету қажет. Оның басқаларға керек екенін, бұл тығырықтан да шығуға болатынын түсіндіріп, қолдау көрсету керек», – дейді Жібек Жолдасова.

Ақтөбе полициясы адам өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Тек екі адамның өлімі фактісімен «Өз өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғаны белгілі болды. Тергеу нәтижелері кейінірек жария етіледі.

Ал бұл қайғылы оқиға елімізде кәсіби келіссөз жүргізушілердің тапшылығын тағы да бір рет көрсетті. Елімізде, әсіресе, жасөспірімдер жиі суицид жасайтын болған. Ондай сәттерде адамды тығырықтан алып шығатын маманның көмегі маңызды.

Жіберіп алмаңыз:

Жігіті алғашқы кездесуде зорламақ болған қыз интернет арқылы таныспауға кеңес берді

Құранда түннің біз білмейтін сырлары айтылған

Заңсыз құмар ойын ОҚО-ның бүтін бір ауылын жұпыны күйге түсірді

Қазақстанда көзді үлкейту операциясы сәнге айналды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар