Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Мұхтар Шаханов: Ең сорлап қалған әншінің өзінің екі үйі бар (видео)
Танымал қазақ ақыны Мұхтар Шаханов жеңіл ән шырқайтын әншілерді сынап тастады. Тіпті мұндай әндердің теледидарды жаулап алғанын айтып ашынды, деп жазады Stan.kz.

Ақынның айтуынша, қазіргі әндердің көбінде мән-мағына жоқ.
«Телеарнаны басып қалсаңыз болды, жеңіл әндер. Мағына жоқ, мазмұн жоқ. Сөздерін де өзі жаза салған. Жағдайлары күлкілі. Орысшаны араластырып жаза береді», – дейді Шаханов.
Сонымен қатар Мұхтар Шаханов бүгінде әншілердің қоғамдағы ең бай адамдар екенін айтты.
«Қазіргі қоғамдағы ең бай адамдар – әншілер. Әрқайсының бірнеше қабат үлкен үйі бар. Ең сорлап қалған әншінің өзінің екі үйі бар», – дейді Мұхтар Шаханов.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған