Қазақстанда ашық-шашық киімде сахнаға шығуға тыйым салынды

Жұма, 1 Сәуір , 2016 0:42

 Мәдениет және спорт министрлігіне көрермендер тарапынан өнер адамдарының  халық алдына жартылай жалаңаш шығуын тоқтатуды сұраған  4000 дана хат жиналып қалыпты. Әрине бұл осыған дейін жазылған барлық хаттың саны. Министр өз кеңесшілерімен ақылдаса отырып «тыйым» жайлы заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынған.

матай

«Министрлік поштасына  соңғы үш жылда жазылған тура осы мағынадағы хаттарды жинадық. Саны 4000 дана шамасында. Бұл дегеніңіз осыншама халық. Неге олардың ұсынысын ескермеске. Көпшілігі әдемі мысалдар келтіріп, жалаңаш әншілер мен актерлердің ұлт болашағын тәрбиелеуде қандай қиындықтар әкелетінін ашына жазған»,-дейді Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі.

Сонымен қоса заңда жұлдыздардың барлығына ортақ ереже жазылған. Яғни онда әйелдердің ең қысқа киімі тізеден келуі керек. Ал жейденің ойығынан қыздардың омырауы көрінбеуі тиіс. Сондай-ақ оның жеңі шынтақтан 5см жоғарыдан қысқармау керек екен. Әрине мұндай қатаң тыйымнан кейін кіндігін көрсетуге де болмайтыны анық.

Заң жобасын оқып шыққан депутаттардың ойы екіге жарылған. Бір тарап қолдаса, екіншісі біз зайырлы, демократиялық елміз дегенді алға тартады.

«Мен әрине заң жобасын  қос қолдап қолдаймын. Мұның несі жаман. Өнер адамы болса жұртқа мүсінін көрсетпестен, өнерін паш етсін. Маңыздысы да осы. Мектеп оқушыларын азғырып, арзан дүниеге қызықтыру қылмыспен тең. Сол тәнін көрсеткен әнші,актерлерді көріп өскен ұрпақ болашағы не болады? Әріптестер бұл мәселеге немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын»,-деді парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Ал Қазақстан халықтық коммунистері партиясының атынан депутат атанған Ирина Смирнова Бекболат Тілеуханның ойына қарсы шықты.

«Мысалы мен де депутат атанғалы халықтың адамы болып есептелемін. Сонда жазда пысынап жеңі бар жейде киюге міндеттімін бе? Ашық киінгенде тұрған ештеңе жоқ. Біз мұсылман мемлекеті емеспіз. Өнер адамы көрсетсін сымбатын. Бұл өнер,сондықтан түсіністікпен қарағанымыз жөн. Елдің, халықтың адамы екен деп барлығын тұмшалап тастауға болмайды. Жақында «әйелдер бастарынан орамалдарын тастамасын» деген заң қабылдау керек болатын шығар. Мүлде келіспеймін»,-деп қысқа қайырды мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Дегенмен Бекболат Тілеуханды қолдаған әріптестерінің саны артып, заң жобасы мақұлданып кетті.

Ал өнер адамдары мұндай жаңалықты алғаш естігенде сенер сенбестерін білмей қалған. STAN.KZ тілшісі әншілердің бірнешеуіне хабарласып жаңа заңға қатысты ойларын білген еді.

«Бұндай болуы мүмкін емес. Біз онда Ресейлік тағы басқа елдің арналары арқылы шығатын шығармыз. Мысалы, заңға бағынсақ менің бейне баяндарымның барлығы онда эфирден шеттетіледі. Ол дегеніңіз қыруар қаржыға түсірілген. Сонда оны бұдан былай үйімде өзім ғана көремін бе?Жақында бәрімізді дін жолына түсуге міндеттейтін шығар»,-деп ашуланды Мақпал Исабекова.

Әнші үнемі желі арқылы жартылай жалаңаш суреттерін салып, елдің сынына қалып жүретіні жасырын емес. Оны қолдайтындар да табылды. Луина, Дильназ Ахмадиева сынды әншілер бұл заң жобасына мүлде қарсы болып шықты. Тіпті қарсылықтарын білдіру мақсатында министрге хат жазуға дайын екендіктерін ескертті.

Есесіне жақында ған өзіне жабық киінуге кеңес бергендерге ешқашан орамал тақпайтынын айтқан Баян Есентаева, қыздарын жаңа заң аясында киіндіруге әзір екен.

«Баршаға ортақ талап,ортақ тәртіп болса неге бағынбасқа. Менің қыздарым тек қана ашық киінбейді. Олай айтуға ешкімнің де дәті бармайтын шығар. Себебі, олардың қоржынындағы әуендерге сай неше түрлі ұзын, жабық әдемі көйлектері барын жұрт клиптерінен көріп жүр. Сондықтан сахнада әдемі көрінудің жабық үлгісі сәнге айналады деген сөз. Сенімді сәнгер Аида Кәуменова барда еш алаңдамаймын»,-деді продюсер Баян Есентаева.

Прдюсер өзіне қатысты жауап беруден бас тартты.

Ал әнші Алтынай Жорабаева жаңа заңды естігенде қуанып кеткенін жасыра алмады.

«Мен мақтанғаным емес, әрине барлық дүние өзім үшін соңғы 5 жылда намаз оқып жүрмін. Бірнеше рет сахнаға ұзын киіп, шашымды да жауып шыққан едім. Көпшілік мұнымды айтарлықтай құптаған жоқ. «Сахнаға жақында хиджап киіп шығатын шығарсыз» деп жыныма тиетін сұрақ қоятындар көбейіп кетті. Сосын, сөзді көбейтпей  жабық әрі қарапайымдау киінуге тырысып жүрдім. Расымен де өнер адамдары өзгеге үлгі бола білуі керек. Халық мені жартылай жалаңаш шықпады деп тыңдамай қойған жоқ. Мен олай шықпағанмын бұдан былай да шықпаймын. Сондықтан мен бұл заңды жақсы қабылдаймын, кедергісі болады деп еш қорықпаймын»,-дейді әнші Алтынай Жорабаева.

Ал заң  Мамыр айының бірінен бастап іске қосылмақшы. Оған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады. Сондай-ақ, музыкалық арналардағы бейнебаяндар арнайы заңгерлердің нұсқауы бойынша іріктелінеді. Мамыр айынан бастап заңға бағынбаған өнер адамдары 1000 АЕК айыппұл салу басталады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

111
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Баягыдан солай жасау керек еди, бирак ештен кеш жаксы демекши, оте дурыс болган. Кунасы аз елде тыныштык бейбитшилик болады Ин шаа Аллах

    • Жұмбақ жан says:

      Бекболатты колдаймын.Оте дурыс. Ашык шашык киынгеннен пайда жок. Жастарды бузады.

    • Жұмбақ жан says:

      Қандай жақсы болды, тек шынымен жүзеге асырылып іске асса екен

      • Айнур says:

        Оте дурыс кабылданган зан. Бекболат ага жасай бериниз. Алга!!!

      • Айнур says:

        Сахнада керемет коз тартар анши апаларымыз жур Роза Алкожа, Жазира Байырбекова, Тамара Асар, Каракат мине осылар сиякты кинсе нур устине нур

  • Жұмбақ жан says:

    Өте қуаныштымын!

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс болған екен

  • Құнеке says:

    Өте дұрыс жəне уақытында қабылданған заң БЕКБОЛАТТАЙ АЗАМАТТАРЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН!!!

  • Әсем says:

    машаллаһ дұрыс қосыламын

  • Жұмбақ жан says:

    Өте дұрыс қолдаймын

  • Жұмбақ жан says:

    mkuptaimin

  • Жұмбақ жан says:

    Өте дұрыс . Баян жарайсың ! Ер азаматтардын киимин ескерту кажет. Ана 91 сияқтыларды

    • Құнеке says:

      91-дің шашы мен сырғасы болмаса өнері керемет жігіттер əнді қазақ тілінде айтады. Басқа тілде əн айтатын жалаңаш қыздардан жақсы.Ринат мырзаның сынын түсінем бырақ біреуге сын айтатын адам өзі үлгі болу тиіс.Қатындарға барам,арақты сімірем деп халыққа теледидардан сайраган Ринат мырза біреүге сын айтуга моральдық құқығы жоқ адам.Ринаттың ауызы емес қолы қиымылдаса елге пайдасы тиетіндей,турақсыз əр таудың басын шоқып жүргенше!!!!!!!!!!

    • Жұмбақ жан says:

      91 туралы бұла айтуға құкылы емессіз

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс. Сахна стриптиз емес.

    • Жұмбақ жан says:

      Өте дұрыс.Ислам мемлекеті болмасақта мұсылмандар көп тұратын мемлекетпіз

  • Жұмбақ жан says:

    өте дұрыс заң

1 2 3 10

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар