Мұхамедиұлы: Жаныбеков арадағы «джентельмендік келісімді» орындай алмады

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 17:58

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройына нұсқан келтірді деген Талгад Жаныбековке қатысты сот шешіміне орай өз пікірін білдірді.

8bc6e8c651692a057ed568cc7ac10746-big

Бл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Менің жеке басыма күйе жаққаннан кейін, мен жала жабу бабы бойынша Талғад Жаныбековті азаматтық сотқа бердім. Сотқа дейінгі тергеу аясында,  бетпе-бет кездесу кезінде Жаныбеков өз сөздерінің өтірік екенін мойындады. Менің, болмаса менің қол астымдағы азаматтардың тікелей немесе делдал арқылы 100 мың доллар сұратқанын жоққа шығарып, ондай оқиға ешқашан болған жоқ деді. Ол сондай-ақ қолында ешқандай дәлел жоқтығын айтты»,-дейді министр.

«Оның мүддесін қорғағандар Жаныбеков маған күйе жаққанын мойындап, қоғам алдында кешірім сұрайды деп айтқан. Содан кейін, мен өзімнің арызымды алып кеткен едім. Бірақ, өкінішке қарай, ол арамыздағы «жігіттік келісімді» орындаған жоқ. Онымен қоймай, қоғам арасында мен туралы теріс пікір қалыптасуына атсалысты. Содан кейін мен қылмыстық істер жөніндегі сотқа арыз түсіріп, оны түзету жұмыстарына жегуді талап еттім. Алайда, Жаныбеков сот отырыстарына мүлде келген жоқ. Бүгін әйтеуір сот отырысы бітті ғой. Мен Талғад Жаныбековке 500 АЕК көлемінде айыппұл салған сот шешіміне толық қанағаттанамын. Тағы да қайталап айтамын, мен Жаныбековке осындай жазадан құтылу үшін қолымнан келгенше күттім»,-дейді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ар-намысына күйе жақты деп, режиссер Талғат Жаныбековке 1 600 000 теңге айыппұл салды (500 айлық есептік көрсеткіш).

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам өмірін тәуекел етіп мас адамды жақындап қалған пойыздан құтқарып қалды (видео)

“Астана аруы-2016” атағына үміткер қыздар (фото)

СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді

Бердібек Сапарбаев 12 жастағы шабандозға көлік сыйлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар