Арыстанбек Мұхамедиұлы: Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 17:51

Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза Рио Олимпиадасына қатыспайды.

8dbcbae87be6689a12826a00db53f87d

Бұл туралы елбасының Қазақстанның Олимпиада құрамасымен кездесуiнен кейiн Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге берген сұхбатында мәлiмдедi, – деп хабарлайды BNews.kz.

«Бiз қазiр мемлекет басшысына осы саладағы (антидопингтiк шаралар – ред.) жағдай туралы айтып берiк. Елбасы антидопингтiк проблемаларға қатаң қарау туралы нақты тапсырма бердi. Әрине, бiрiншi кезекте, бiзге антидопингтiк зертхананы да күшейту керек. Халықаралық Олимпиада комитетiнiң тәртiптiк комиссиясының отырысы әлi аяқталған жоқ. Қорытынды отырыс 10 шiлдеде өтедi. Әрине, бiз нәтиженi күтемiз. Бiздiң заңгерлер белсендi жұмыс атқарып жатыр. Бiз әрбір қазақстандық спортшыдан оң нәтижелер күтемiз», – дейдi Мұхамедиұлы.

Министрдiң айтуынша, допинг дауына қатысы бар қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу-қатыспауы – күрделi мәселе. Қазiргi таңда олардың дайындығы жақсы, олар Токиода өтетiн Олимпиада ойындарына қатыса алады.

Ал Рио-де-Жанейро Олимпиадасына олардың қатыса алмайтыны анық, спортшылар қазiргi таңда жарыстардан шеттетiлген. Ауыр атлеттердiң Рио Олимпиадасына қатысуға мүмкiндiгi жоқ.

Естерiңiзге сала кетсек, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло мен Майя Манеза допинг дауына байланысты жарыстардан шеттетiлді.

Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин ашық жаттығу өткізді (видео)

Үлкен дауға қалған Илья Ильинге допингті тамаққа қосып берген болуы мүмкін

Илья Ильин  халықтан өзін қолдауды сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мұның бəрі қателігі тренер,спорт комитетін басқармасы дер кезінде анти допинг тексеру жасамаған бізде осындай адамдар отырады өздері толық жұмыс істемейді біреуге бермейді əділет жоқ бұл қателіг Илья Ильин қатыс жоқ спортшы жауынгер сияқты бұйрықпен жүреді

  • Анонимно says:

    Мен әлі де Ильяны олимпиадаға барады деп сенемін.

  • Анонимно says:

    Қатыспайды деп жар сала бергенше
    Жариялап мәз болғанша
    Барудын камын жасау керек едигой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар