Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек өз продюсерімен бірге жауапқа тартылуы мүмкін

Құқық қорғау органдары МС Сайлаубекке оқ атылмағанын және ауруханаға түспегенін мәлімдеді.

image

Бұл туралы Stan.kz Алматы қаласы ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Мамырдың 29-ы күні интернет беттерінде МС Сайлаубекті белгісіз біреулер атып кеткені туралы ақпарат тарап, жұрт шулаған-ды. Тіпті отандық порталдардың бірі аталған видеоны қолға түсіріп, мұны шынға балаған.

Алматы қаласының полицейлері МС Сайлаубектің продюсерін шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты деп айыптап отыр.

“Полицейлер БАҚ-та ақпарат пайда болға соң МС Сайлаубекке қатысты оқиғаның анық-қанығын анықтауға кірісті. Тергеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, рэпердің Алматы полиция бөлімшелеріне шағым түсірмегені және азаматтың ешбір медициналық мекемеге хабарласпағаны белгілі болды”, – делінген баспасөз хабарында.

Дәл қазір тергеу жұмыстары жалғасып, рэпер мен продюсерінің шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуының себебі анықталып жатыр. ҚР заңына сәйкес белгілі бір шаралар қолданылатын болады.

МС Сайлаубекке оқ атылғанын артынша продюсері Бақытжан Жүнісбеков хабарлаған. Оның сөзіне сенсек, рэпер түнгі клуб алдында бойжеткенді қорғамақ болған. Артынша травматикалық қарудан атылған екі оқ тиіп, ауруханада аз уақыт қана болған. Өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған.

Десе де, желі қолданушылары рэпердің жаңа фильм түсіріп, аталған туындыға осылайша жарнама жасап жатқанын жарыса жазып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

МС Сайлаубектің продюсері ажал аузынан аман қалды (видео)

МС Сайлаубек орыс тілінде ән шырқап жүр (видео)

МС Сайлаубек дінге бет бұрып, намаз оқып жүр

Талқылау