Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мойнын алып жылан орап алған әйел одан қалай құтқарылғанын айтты

Американың Огайо штатында құтқарушылар әйелді айдаҺар жыланнан құтқарып қалды. Алып жылан әйелді мойнынан орап, мұрнынан тістеп жатқан.

_97121947_b6407365-1d58-4cc5-b20b-e3b21bb83908

Бұл туралы www.bbc.com хабарлады.

Шеффилд Лейк қаласында тұратын әйел шұғыл көмек көрсету – 911 нөміріне хабарласып, айдахар жыланның бетіне жабысып алғанын хабарлаған. Оператор мәселенің мән-жайын бірден түсіне қойған жоқ.

«Сізге не болды, мэм? Сонда сіз бетіңізге жылан жабысқан күйде көшеде жүрсіз бе?» – деп қайта сұрады оператор өз құлағына өзі сенбей.

Ал байбаламға түскен әйел ұзындығы 1,6 метр болатын жыртқыштың арбауына түскенін айтып: «Барлық жерде қан», – деп айғайлайды.

Бұдан кейін құтқарушылар әйелдің үйіне жетіп, оны аман алып қалған.

«Құтқарушылар әйелді босату үшін айдахардың басын кесіп тастауға мәжбүр болды», – дейді қалалық өрт сөндіру қызметінің басшысы Кард.

45 жастағы әйел тез арада ауруханаға жатқызылды, қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал әйелді шаққан жыланның бұл түрі әдетте құрбанын айналдыра орап алып, оның тыныс алуы мен қан айналымын тоқтатуға тырысады.

Әйелдің сөзіне қарағанда, ол осы күнге дейін жыланның түр-түрін асырап келген. Соған қарамастан, мұндай жағдайға ешқашан тап болмаған. Қазіргі уақытта әйелдің қарауында 11 жылан бар.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда азамат өз ата-анасын, одан кейін 17 куәгерді өлтірген

Ұрыны аяп кеткен полицей оған ұрланған затты сатып алып берді

Шие дәнегін жеп қойған ер адам өмірімен қош айтыса жаздады

АҚШ-та жолдан өту барысында телефон қолданған жандарға айыппұл салынады

Талқылау