Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мойнын тіліп, мүгедек қылды: 15 жастағы жасөспірім 9 жастағы қыздың басына әңгіртаяқ ойнатты

Бұрынғы Пахарь, қазіргі Қарлыкөл ауылы, Зерендин ауданында 15 жастағы жасөспірімнің қолынан 9 жастағы қыз бала зардап шекті. Бұл туралы Көкшетау Азия басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Алмаз есімді жасөспірім бес баланың анасы жұмыстарымен сыртта жүргенде қыздың басына әңгіртаяқ ойнатқан. Ол 9 жастағы қыздың бетіне тырнақ бояюға арналған лакты жаққан. Өзін осылай мазақтап, қинаған адамнан қашқан қыз жүгіріп бара жатқанда құлап, маңдайын жарып алды.

Осыдан кейін Алмаз үшкір нәрсемен қыздың мойнын тіліп жіберген. Жарақат  жәбірленген баланың өміріне қауіп төндірген жоқ. Алайда, жазғы демалысын жақсы өткізуді жоспарлаған ол бар уақытын емделуге жұмсауға мәжбүр. 

Мектеп директоры Ерлан Махамбетов осындай жағдайдың орын алғанын білсе де, аудандық білім бөліміне хабарламаған. Алмаздың қыз балаға көрсеткен қорлығын аудан әкімі тілшіден білген. 

Осыған дейін жасөспірім 20 сәуірде 14 жастағы Дайана есімді қызға тиісіп, бауырынан қатты тепкен екен. Соққының кесірінен бауыры жарылып кеткен Диана ендігі өмірін мүгедектің кейіпінде өткізеді. Оқушы аурханада бір ай жатып емделген, алайда мектеп те, мұғалімдері де әлі күнге дейін қыздың денсаулығы қалай болғанын бірде бір рет сұрамаған. Тек аудандық білім бөлімі шағымданғаннан кейін ғана олар Дайананың жағдайымен қызыққан. Ал анасына жасөспірімнің жазаланатынын сөз етіп, мұндай оқиғаның енді қайталанбайтынын айтқан. 

Облыстық полиция басқармасының хабарлауынша, бірінші факт негізінде ҚР ҚК-нің 107 бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру), екінші бөлігі бойынша, жасөспірімге қатысты  тергеуге дейінгі жұмыстар жүріп жатыр.

Талқылау