Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мотошабандоз жарыс кезінде қарсыласын соққының астына алды

Мотошабандоз жарыс кезінде қарсыласын ұрып-соқты. Төбелес оған бес мың доллар айыппұлға түсті, әрі жарыс жолынан шығып қалды.

20160113214403

Уэстон Пейк AMA Supercross 2016 бәсекесінің бірінші кезеңінде ашуға мініп, қарсыласын сабады. Жарыс Анахаймда өтті, деп хабарлады Eurosport.ru.

Мұндай қадамға Пейктің жолын екі рет кескен Винс Фрис итермелеген. Сөйтіп спортшы қарсыласын ұрып-соққан.   Уэстон Пейкке бұл әрекеті үшін бес мың доллар айыппұл салынды, сонымен қатар ол жарыстың екінші кезеңіне қатыспайтын болды.

Атап өту керек, екі спортшы да 450SX дәрежесінде бағын сынап жатыр.

Талқылау