Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолиялық депутат елді өгіз арбамен аралап, Парламентке атпен келді (видео)

Моңғолияда 29 маусым күні Ұлы Құрылға (Их Хурал) депутаттар сайлауы өткен болатын. Елдегі басты екі партияның таласы барысында Монгол халықтық партиясы жеңіске жетіп, 76 орынның 63-ін иеленді.

монг

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Моңғолияның халық әртісі, танымал әнші, Жавхалан Саманд партиядан тыс, өзін-өзі ұсыну арқылы парламентке мүше болды. Депутаттардың ант беру рәсімі кезінде әнші Парламент ғимаратына атпен келді. Ұлттық болмысы басым, халықтың ерекше құрметіне ие болған танымал өнер иесінің Моңғол халқының дәстүрін ерекше сақтайтын азамат екенін тыңдармандары бұрын да ерекше бағалайтын еді.

монгол

Тағы бір қызығы, депуттаттық үгіт-насихат барысында Жавхлан ауыл-аймақты өгіз арбамен аралап, елді таңқалдырған.

Талқылау