Мөлдір Әуелбекова экс-продюсерінен кешірім сұрап, көз жасына ерік берген
Бағым Мұхитденова бұрынғы шәкірті Мөлдір Әуелбековамен қалай татуласқанын әңгімелеп берді. Айтуынша, Мөлдір оның үйіне келіп, өткен істері үшін кешірім сұраған. Бағым Мақсатқызы Мөлдір екеуінің арасында болған әңгімені ашып айтқысы келмеді. Алайда бұрынғы шәкіртімен татуласқанын атап өтті.
Бұл туралы Бағым Мақсатқызы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
Бірнеше сағатқа созылған әңгіме барысында Мөлдір де өз-өзін ұстай алмай, жылап қалған.
“Осы уақытқа дейін кездескен емеспіз, оны көргім келмеген. Бірақ адам өз қатесін мойындап тұрса, оның өзі үлкен қадам. Оның тарапынан бұл өте қайырымды қадам. Неге бұрыннан осылай жасамағанын сұрадым. – Қорықтым, – дейді. Несіне қорықтың? Мен қарапайым адекватты адаммын, біреуге қол ұшымды да тигізген емеспін дедім. Ертелі кеш болары болды”, – дейді Бағым Мақсатқызы.
Продюсердің пікірінше, ұстазының алдынан өтіп, кешірім сұрау – Мөлдірдің өз қалауы.
“Шын жүректен айтты ма, жоқ па, ол туралы ойланбаппын. Бұл ескі хикаяны біраздан бері ешкім қозғаған емес. Меніңше, бұл оның жан қалауы болды. Мұндай нәрсемен алдауға болады деп ойламаймын. Оның көзінен шынайылықты көрдім. Мен оған кел деп сұрамадым. Яғни, бұл өзінің қалауы болды”, – дейді продюсер.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.