Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова күйеуі жайлы сұрақтан басын ала қашты

Мөлдір Әуелбекованың шаңырағы шайқалған деген ақпарат пайда болғалы әншінің сүйікті тыңдармандарында маза жоқ! Бұл орайда Әуелбековаға жеке өмірі жайлы сұрақтар жиі жолданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мөлдір Әуелбекова

Оған тағы бір себеп – Мөлдірдің желідегі парақшасынан жолдасының суреттерін түбегейлі өшіріп тастауы.
Мөлдір Әуелбекова күйеуі және қайын жұрты жайлы сұрағандардан басын ала қашады.

Әнші бұл жолы да әдетінен жаңылған жоқ. Астанада өткен фестиваль кезінде Әуелбекова шығармашылығына қатысты емен-жарқын сұхбат беріп, күйеуіне қатысты сұрақ қойылғанда әңгімесін тоқтатып, кері бұрылып кетті.

“Халық өзі бәрін біліп отыр ғой”, – деп күлді ол.

Ал жанкүйерлері бұл сөзіне қарап әнші расымен де күйеуімен ажырасқан деген байламға келді. Не де болса, ақ-қарасын уақыт көрсетер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау