Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Баламның әкесімен араласуына қарсы емеспін

Жақында ғана күйеуімен заңды түрде ажырасқанын мәлім еткен Мөлдір Әуелбекованың тағдырына тыңдарманы алаңдаулы. Әншіге күн сайын ұлы, экс-күйеуі мен екеуінің ара-қатынасы жайлы сауалдар жолданады. Мөлдір бұған дейін әкесінің ұлымен кездеспейтінін айтып қалған еді.

Мөлдір Әуелбекова

Алайда Әуелбекова екеуінің қарым-қатынасын бұзуды о баста мақсат тұтпаған. Бұл туралы әнші “Астана” арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Рұқсат беремін, ешқандай құқығым жоқ. Менің балам, Алладан қорқамын. Ерлі-зайыптылармен болған мәселе, бұл жерде баланың еш қатысы жоқ. Сол себепті ешқандай қарсылық білдірген емеспін, білдірмеймін де. Ол айтылып жатыр, солай болып жатыр. Себебін білмеймін, білгім де келмейді”, – дейді Мөлдір.

Өнер иесі жұрт ойлағандай, жеке өмірінен “пиар” жасағысы келмеген. Айтуынша, халықтың өзі әншінің шығармашылығынан қарағанда жеке өміріне қатысты жаңалықтарға баса мән береді.

“Қара пиарды әдейі, ақылы түрде жасайтын өнер адамдары бар. Болмаса жеке өміріне байланысты қара пиарды халықтың өзі алып кетеді. Көбіне әншілердің жеке өміріне байланысты, әріптестерімнің басынан өтіп жатқан оқиғаларға байланысты… Оның бәрі әдейі жасалып жатқан жоқ қой. Дегенмен халық соны тез сіңіріп алып жатыр”, – дейді Әуелбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау