Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ММА-мен айланысатын қыз ерсі әрекет жасаған ер адамды сабап тастады

ММА-мен айналысатын Джойс Виейра есімді қыз ер адамды сабап тастады. Оның сөзінше, ер адам өзінің алдында жыныстық қатынасқа түскендей кейіп танытып, ерсі әрекеттер жасаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға спортшы қыз Бразилиядағы жағажайлардың бірінде серуендеп жүрген кезде орын алған. Ол ер адамның ерсі әрекет жасап тұрғанын көріп, өзін ұстай алмай, оны ұрып тастапты. 

Артынша полиция ер адамды  тұтқындаған. Алайда одан жауап алғаннан кейін, босатыпты. 

Виейра мұндай жағдайға тек өзі емес, «өзге біреудің қызы немесе немересі» тап болуы мүмкін екенін айтты. Ол ер адамның жасаған әрекеттері психикаға зақым келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

«Оның түрмеде жазасын өтегенін қалаймын», - дейді Виейра.

Талқылау