Митинг кезінде полицейлердің ер адамды ұрып өлтіргені рас па? ІІМ жауап берді
Әкімдік Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде ер адамның көз жұмғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде полицейлер ер адамды ұрып өлтірді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында санкцияланбаған митинг кезінде құрбандардың болмағанын хабарлаймыз. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - деді елорда әкімдігіндегілер.
Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі де бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг кезінде жасы үлкен ер адам талып қалды. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, ол келгенше алғашқы көмек көрсетті. Ер адамның жағдайы жақсарып, дәрігерлердің көмегімен сол жерден кетті", - деп қосты министрліктегілер.
Мұнымен қатар, ІІМ жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін екі ірі қалада жүздеген адамның митингіге шыққаны туралы хабарлаған едік.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
