Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрліктегі қатардағы қызметкерлер түн ортасына дейін жұмыс істеп жүр

Кейбір министрліктегі қатардағы мемлекеттік қызметкерлер әлі күнге түннің бір уағына дейін кеңседе отыр. Осылайша, олар заң бойынша күніне 7 сағат жұмыс істеуі керек деген Елбасының қазандағы Жолдауында берген тапсырмасы орындалмай жатыр.

Оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен рейд жүргізген әріптесім көз жеткізіп қайтты. Ал, агенттіктегілер бұдан былай қарамағындағы адамдарды жұмыс уақытынан тыс ұстаған басшылары әкімшілік жауапқа тартылады дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Государственный служащий должен работать 7 часов по закону. Он не должен сидеть до 12 часов. Давайте ему дадим нормально жить. Иметь светлые мозги чтобы завтра решать вопросы. Он сидит до 12, до часа ночи» – деген болатын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

“Қатардағы мемлекеттік қызметкердің адам сияқты өмір сүруіне мүмкіндік беріңдер!”. Қазандағы Жолдауында Елбасы әкім-қаралар мен министрлерге осындай нақты тапсырма берген болатын. Алайда, содан бері бір айға жуық уақыт өтсе де көптеген ведомстводағылар
қас қарайғанша жұмыста отыруға мәжбүр. Оған тұп-тура 18.30-да сөнетін компьютерлер де кедергі емес. Себебі, арнайы бағдарламамен компьютердің жұмыс мерзімін ұзартуға болады екен.

Сағат кешкі 6-дан 45 кетті. Ұлттық экономика министрлігінде қағазбастылыққа салынып отырып қалған қызметкерлер бар ма, жоқ па? Ол жағын өз көзімізбен көретін боламыз. Себебі, мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақыты 15 минут бұрын аяқталды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлдеқашан жұмыс күнін аяқтап, үйіне кетіп қалса да, оның қоластындағылар қара кешке дейін кеңседе отры.

Сағат 7-ге 5 минут қалды. Ал, көптеген мемлекеттік қызметкерлер әлі жұмыс орнында. Мәселен мына кабинеттің светі әлі жанып тұр. Қазір ішін көретін боламыз.

-Сәлеметсізбе. Жұмыс сағат 6 жарымда аяқталады. Сіз неге әлі жұмысыңызды аяқтаған жоқсыз?

– Жұмыс істеп жатырмыз. Бізде ертең совет болады. Екі шеңберінде соған дайындалып жатырмыз.

-Ал, жиі осылай жұмыстан тыс уақытта қаласыздар ма? Бұл сіздерге қаншалықты ыңғайлы?

– Жоқ. Жиі қалмаймыз.

-Жұмыс компьютерлерінде сіздер уақытын ұзартасыздар ма? Алты жарымда өшіп қалады ғой компьютерлер.

– Иә, ұзартамыз. Жұмыс болғанда ұзартамыз.

Бітпейтін шаруаға берілген мемлекеттік қызметкерлер арасында неліктен жұмыстан тыс уақытта да кеңседе отырғанын айтқысы келмегендер де табылды.
Яғни, көптеген министрліктерде әлі де мемлекеттік қызметкерлер түннің бір уағына дейін отырады деген сөз. Кейбірі тіпті, қағазбастылыққа салынып кеткен, жұмыс үстеліндегі бір бума құжаттарға қарағанда, сарапшылар үйлеріне қазір қайтпайтын тәрізді.

«Қазіргі уақытта бос уақытымызды жұмыстан кеш қалып, база данныйлар жасаймыз. Егер, бір нәрсе сұрап қалатындай жағдай болса, дайын болып тұратындай информациялар. Қазір Центральный Азияға экспорт, импорттардың товаробороттары қанша өсті? Сол туралы база данных жасап отырмын» – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің сарапшысы Нұржан Амангелдиев.

Тексеріс жүргізген мамандардың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысты дер кезінде атқара алмауының себебі жетерлік. Бірінің біліктілігі жетпесе, өзгесі
тапсырмалардың көптігінен мұрнынан жанылып жатады екен. Сол үшін оларға Мемлекеттік басқару академиясы жанынан қайта оқыту бағдарламасы әзірленіпті.

«Басшыларға біз айтқымыз келетіні мемлекеттік қызметкерлердің құқығы жәйдан-жәй бұзылмауы керек. Егер олардың жұмыстан кейін қалып, жұмыс жасаса ол міндетті түрде құжат жүзінде бұйрық шығарылып және оны кейіннен артық жұмыс жасағаны үшін тиісті үстемақылар немесе демалыс уақыты берілу керек деп хабарлап келеміз» – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің басшысы Равиль Төлебаев.

Алайда, барлық ведомстволар бірдей емес. Мәселен, жұмысын кешкі 6.30-ға дейін аяқтап, бірі қалмай үйлеріне кетіп қалатын министрліктер де бар екен. Ол үшін Ұлттық эконмика министрлігінің мамандарына жатпай тұрмай еңбектенуге тура келетін секілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау