Министрлікте пара сұрады деп айыпталған Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 15:47

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы режиссер Талғат Жәнібековтің айыптауына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.

orig_blog_16997_0

Сурет: el.kz 

«Қазақстанның кез келген азаматы өз құқын қорғай алады. Қазіргі уақытта барлық айыптауларды заңгерлер мен лингвистер тексеріп жатыр. Қазір ол туралы анығын айтуға әлі ерте», – деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрлігі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.

Өз кезегінде Талғат Жәнібеков те сот тергеу ісіне дайын екенін айтты.

«Сотқа берсе, берсін. Менің сөзім еш дәлелсіз болуы мүмкін. Өйткені, ешқандай видеотаспа жазылмаған. Тек үшінші адаммен арадағы әңгіме ғана бар. Өкінішке қарай, әңгіме тек үшінші адам арқылы ғана болды. Сондықтан мұның немен аяқталарын білмеймін. Негізі бәріне дайынмын», – дейді режиссер Талғат Жәнібеков.

Айта кетейік, режиссер Талғат Жәнібеков министр Арыстанбек Мұхамедиұлының фильмді қаржыландыру үшін пара сұрағанын ашық айтып, видеоүндеу жариялаған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар