Министрлік ҰБТ кезінде жасырған шпаргалкаларды қалай тексереді
ҚР Білім және ғылым министрлігінде ҰБТ кезінде түлектердің жасырған шпаргалкаларын қалай тексеретінін айтты.

Бұл туралы Sputnik хабаралайды.
«Талапкерлер тыйым салынған заттарды жасырып кіруге талпынып жатады. Оның ішінде ұялы телефондар, шпаргалкалар бар. Мұғалімдер балалардың қандай әрекетке баратынын жаттап алған», – дейді Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
«Біз әдетте кіре беріс жерде тексереміз. Балалардың іштен шығарылып, акт толтырылған кездері болған. Мұндай жағдайда қайта тапсыруына тура келеді. Егжей-тегжейлі тексермейді, әрине, бірақ визуалды түрде тексерістен өтеді. Баланың жасырған заты болса, өз еркімен тапсыруын сұрайды», – дейді Суханбериева.
Оның айтуынша, ҰБТ кезінде былтырғы тәжірибеге сәйкес ұялы телефон байланысын өшіру әдісі қолданылады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан