Министрлік: өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы жоқ

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус жүргізушісінің жолаушы тасымалына лицензиясы болмаған. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады,  Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап.

“Автобустың иесі — Мехтиев Ордухан Сабироглы. Жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау лицензиясы берілмеген (арендалық келісімшарт бойынша жұмыс істеген болуы мүмкін)”, — деп жазылған хабарламада. Бұдан бөлек міндетті техникалық байқаудан 2015 жылы 17 тамызда өткені хабарланады. Оның мерзімі 2016 жылы 17 ақпанда өтіп кеткен.

Министрліктің ақпараты бойынша автобустың маркісі  — Kassbohrer Setra X 335 РСМ. 1989 жылы шығарылған, сыйымдылығы — 59 адам.

“Өрт болған жерге жолдағы медициналық құтқару бекеті (4 адам және 1 техника), “ҚазАвтожол” АҚ өкілдері (5 адам және 4 техника), Ырғыз ауданының ТЖБ басшысы, Ырғыз ауданының (4 адам және 1 техника) және Қарабұтақ ауылының өрт сөндіру бекетінен (5 адам мен 1 техника) жіберілді”, — деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.

18 қаңтарда сағат 10:30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолында “Икарус” жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалды. Олардың қолдарын ғана күйік шалған.

Тағы оқыңыз:

Өзбекстан Ақтөбедегі қайғылы оқиға орнына ұшақ жіберетін болды

52 адам көз жұмды: Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті (видео)

52 адамның өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды

Қостанай облысында әкесі 3 жасар қызын құтқарып, өзі көз жұмды

Загрузка...
Қазір оқып жатыр