Министрлік өкілі салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімін атады

Елімізде осы жылы салықтан жалтарып, табысын жасыратын әншілердің саны күрт азайыпты. Оған былтыр ғана БАҚ беттерінде жарияланған мына ақпарат әсер етсе керек. Елдегі белді басылымның бірі арнайы зерттеу жүргізіп отандық эстраданың ең табысты жұлдыздарын анықтады. Тіпті, жылына қайсысы қанша қаражат табатынын да жасырмады.

Бұл туралы “Еуразия” арнасының жаңалықтар қызметі хабарлады.

Бұл ақпарат шоу-бизнестегі  біраз бұлбұлдың берекесін алғаны рас. Өйткені, осыдан кейін салық саласының қырағылары жаппай жұлдыздардың табысын есептеуге кірісті. Нәтижесінде былтыр эстрада жұлдыздары ел қазынасына 59 млн теңге салық төлеп, жеке кәсібін заңдастырған әнші саны 1725-ке жеткен. Десе де бұл шоу-бизнес өкілдерінің барлығы заңға бағынғыш, тәртіпті деген сөз емес. Елімізде әлі де жеке табысын жасыруды жөн көретін жұлдыздар жетеді. Олар кімдер? Және салық төлеуден неге жалтарады?

Қазақтың тойы. Талай таланттың табыс көзі. Қуаныштың алаңын сахнаға айналдырған әншілердің қызметінің құны әр түрлі. 200 мың теңгеден басталып, миллиондарға барады. Мәселен, Қайрат Нұртас. Хит әндерімен көптің көңілін баурап, жүрегін жаулаған жас әншіні тойыңызға қонақ еткіңіз келсе, жеті мың доллар дайындап қойыңыз. Бұл қаржыға Қайрат 7-8 ән айтады. Айтпақшы оған бес жұлдызды қонақ үйден бөлме әперуіңіз шарт.

Баға төрінде Төреғали Төреәлі де тұр. 6 мың доллар алады. Ең қымбат жұлдыздардың рейтингін «Музарт тобы» жалғастырады.  Мақпал Жүнісованың да жағдайы жаман емес. Бір кешке төрт мың доллар сұрайды.

Қайрат Нұртас – $7000
Төреғали Төреәлі – $4000-6000
Музарт – $4000-7000
Қыдырәлі-Қарақат – $6000
Мақпал Жүнісова – $4000 
Айқын   $2000  4000 
Абай Бегей, Заттыбек – $3000

Тойдан тиын тебен емес, кәдімгідей қомақты қаражат тауып жүргені ме, жоқ Бақ беттерінде жарияланған мына ақпарат себеп болды ма, әйтеуір былтырдан бері отандық эстрада жұлдыздарының табысы салықшылардың жіті назарында. «Форбс» журналы елдегі табысты әншілердің тізімін анықтады. Оған сәйкес ең еңбекқор әнші Қайрат Нұртас болып шықты. Жылдық табысы  2,5 млн доллар.

Қалталы әншілердің тізімін Бүркіт пен Айша жалғастырады. Жылына 1 млн долларға дейін табады.

Асхат Тарғында табысты әншілердің қатарында. Бір ғана “Мария Магдалена” әнінің арқасында 960 мың долларға ие болған. Ал, біздің елдегі заң бойынша жылдық табысыңыз 284 мың теңгеден асса салық төлеуге міндеттісіз.

“Басым көпшілігі алғашқы кезде қарсы шығатын. Сіздер неге салық алуға талап етесіздер деп. Сіз мысалы айлық аласыз 200-300 мың 30 мың теңге табыс салығын төлейсіз. Ал, олар бір тойда 300-400 мың теңге кем дегенде алып кететін әншілер бар ғой. Соны алады да бір тиын да салық төлемейді. Ол әлеуметтік тепе-теңдікке келмейді”, – дейді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Олжас Отар.

Десе де, мамандардың айтуынша қазір әншілердің арасында салық төлеу мәдениеті қалыптасып келеді. Тіпті, арнайы рейтинг те бар. Мұнда да табыс табудан да, тапсырыс алудан да, ешкімге дес бермейтін Қайрат Нұртас көш бастап тұр. Былтыр 1 млн теңгеден астам салық төлепті. Екінші орын Джах Халибтің еншісінде (1 млн теңге). Ешқандай кірісін жасырмайтын жұлдыздардың тізімін Айқын Төлепберген мен Сәкен Майғазиев түйіндейді.

“Қазіргі уақытта  бізде шоу-бизнеспен айналысатын 1725 заңды тұлға тіркелген. Олардың жұмысшыларының саны 2963 адам. Сонда жалпы алғанда 4688 адам жұмыспен қамтылып, сол жеке кәсіпкердің жалдамалы жұмысшысы болып салығын төлеп қызмет атқаруда. Қазіргі таңда осы жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалармен заңды тұлғалардың 59 миллион жеке табыс салығын 2016 жылы, 46  миллиондай әлеуметтік салық”, – дейді Олжас Отар.

Алайда, бұл жұлдыздардың барлығы бірдей заңға бағынып елдегі салық саясатын қолдайды деген сөз емес. Отандық эстрадада тапқан табысын мемлекетпен бөлісуді жөн көрмейтін жандар да бар.

Мәселен әнші Алтынбек Тәшімбетов күміскөмейлерге салық салуды әділетсіздік санайды. Оның айтуынша әншілерге  мемлекеттен ешқандай қолдау жасалмайды!

“Бізге бір грамм мемлекеттен көмек келіп жатқан жоқ. Мен әнші ретінде мысалы өзімді таныту үшін өз қалтамнан қаражат, өзімнің  көлігімді сатып, солай тыраштанып жүрген адаммын. Мен салық төлеуден бас тартамын, өйткені мемлекет тарапынан түк жасалып жатқан жоқ”, – дейді Алтынбек.

Талант иесі «Тым болмаса бейнебаяндарымыз көгілдір экрандардан тегін көрсетілсе екен»,- дейді.

“Өзбекстанда мысалы бір альбомды аласың мысалы 12 трек, клипіңді түсіріп бересің оны радиодан тегін жібереді. Теледидарлардан тегін көрсетеді. Бізде сол жағдай жоқ. Бізде сол жағдайды жасамай тұрып, саған еще салық төле дейді”, – дейді әнші.

Әншінің бұл сөзін 11 жылдан бері асабалық қызмет атқарып, талай танымал тұлғалардың тойын тізгіндеген Ділхан Исаев та қолдайды. Оның айтуынша мемлекет әншілердің табысын емес,  әуелі шығысын есептеп үйренуі керек.

“Әрбір жұлдыз өзінің жұлдыз екенін  өзінің әнші екенін халыққа дәлелдеп отыруға міндетті. Өйткені халқымыз қазір бірден ұмытады. Үнемі хит жазып отыру керек. Ал хит қазір бірден жолыға салмайды. 100 ән жазсаң оның біреуі хит болуы мүмкін. Я болмауы да мүмкін. Хит болмаса оны ешкім естімейді. Демек сен жоқсың”, – дейді әнші әрі асаба Ділхан Исаев.

Алайда, әншілердің бұл пікір-пайымын салық саласы мамандарының қаншалықты ескеріп жатқаны белгісіз. Анығы, алда жалпыхалықтық декларация. Демек, қаласаң да қаламасаң да салық төлейтін күн алыс емес.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың жары 10 жыл бойы немен айналысқанын айтты

39 жасқа толған Алтынай Жорабаева туған күнін қымбат мейрамханада атап өтті (фото, видео)

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Асылым 1 жаста: Арман мен Ашаның тойға дайындығы қалай? (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар