АҚШ-та ұшты-күйлі жоғалған жігіттің ата-анасы ұлдарына 5 жылдан соң ғана іздеу салды

Жұма, 7 Қазан , 2016 18:15

“Болашақ” бағдарламасы бойынша Пенсильвания штатына оқуға кеткен Ержан Еліковтің ата-анасы Сыртқы істер министрлігіне ұлының жоғалғанын айтып, тек бес жылдан кейін көмек сұрап келген.

otbas

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ержан 2011 жылдың наурызынан бері ата-анасына мүлде хабарласпаған, ешқандай байланысқа шықпаған. Бірақ, жоғалған жігіттің әкесі Сыртқы істер министрлігіне арада бақандай бес жыл өткен соң ұлымыз жоғалды деп хабарласқан.

“ҚР азаматының қайда жүріп-тұрғанын анықтау туралы Америка Құрама Штаттарының уәкілетті органдарына арыз жазу үшін, жоғалған азаматтың жеке куәлігінің көшірмесі мен ағылшын тілінде жазылған өтініш керек. Алайда, бұл құжаттар Сыртқы істер министрлігінің қолына түскен жоқ, тіпті, Ержанның әкесі ұлының паспортының көшірмесі жоқ екенін айтты… Содан, біз өзіміз тексеру жүргізіп, біздің азамат Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің консулдық тізімінде тұрмағанын анықтадық. Халықаралық бағдарламалар орталығы Ержанның қайда екенін білмейді. Біздің дипломаттар АҚШ-тағы шетелдік студенттер мен АҚШ-тағы Қазақстан диаспорасы арқылы Ержанды іздеп табуға тырысқан. Алайда, бұдан түк шықпады”, – дейді Ә.Жайнақов.

“Осы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ержан Еліковтің әкесі қайта хабарласты. Бұл жолы біз Халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы Ержанның паспортының көшірмесін өзіміз таптық. Жігіттің әкесіне өтініш жазу керек екенін тағы түсіндірдік. Тек арада біраз уақыт өткен соң Ержанның әкесіне қайта-қайта хабарласып, артынан қуғандай болып, оның қолынан ағылшын тіліндегі өтінішін алдық. Бұл 3 қазан еді. Яғни, баланы іздеу туралы өтінішті ата-анасы тек 3 қазан күні жазды, оны айтпағанда, хатты қолма-қол емес, біздің электронды почтамызға сканерден өткен нұсқасын жіберді. Қазір Вашингтондағы Қазақстан Елшілігі бұл мәселені қарауға алды. Ал, Сыртқы істер министрі қатаң бақылауда ұстап отыр»,-деп түсіндірді ол.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасай отырып, АҚШ-тағы ең беделді университетке 2007 жылы оқуға түскен Ержан Еліков оқуын бітіретін жылы елге оралмағанын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Семейде жоғалып кеткен қыз Астанадан табылды

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қос бүлдіршін әкелерімен бірге көшеде түнеп жүр

Атырау облысында әйелі күйеуін туған қызына азғындық жасауы мүмкін деп күмәнданады

Оралда студент қыз ұялы телефоны жарылып ауруханаға түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар