Министр мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан ерте қайтаруды ұсынды

Сәрсенбі, 5 Қазан , 2016 13:25

Ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың ішінде мектептерге мүлдем келмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

124758

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі төмендеп кетті. Ата-аналар үнемі жұмыста болғандықтан баланың тәрбиесімен айналысуға уақыты болмайды. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі уақытта тек 10-12 пайыз ата-аналар ғана мектептегі жиналысқа қатысады. Біздің есебіміз бойынша ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың ішінде мектептерге келмейді. Біздің ойымызша, ата-аналарды сағат 6-дан кейін уақытында үйлеріне, балаларына жіберу тәжірибесін бастау қажет», – деді Сағадиев.

Сонымен қатар министр психологтарды дайындау үшін, сондай-ақ балаларға психологиялық көмек берудің бірыңғай заманауи методологиясы қажет екенігін баса айтты.

«Қазіргі уақытта ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, ғылыми негізде арнайы бағдарлама жасалды. Аталған бағдарлама Шығыс Қазақстан облысында бейімдеуден өтіп, осы жылдан бастап алты өңірде Алматы қаласында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында енгізіліп жатыр», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Серкесіз көкпар: шабандоздардың көңілі неге толмай жүр (видео)

Модель қыз көшеде кездескен бөтен 100 еркектің жыныс мүшесін ұстап шықты (видео)

Жезқазғанда қоқыс арасынан табылған сәби ата-анасына қайтарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Неге тек мемлекеттик кызметкерлер. Баскалар адам емес пе? Жалпы жумыс кунин сагат 5 ке келтирип’ кыскарту керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар