Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Қазақстан төртінші ғарышкерін қашан ұшыратынын айтты

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов төртінші ғарышкерді қашан ұшыру жоспарланып отырғанын айтты.

2060465

Фото: Алексей Филиппов

Бұл жайлы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Бұл ақшаға байланысты. Бір ғарышкерді ғарышқа ұшыру 30 миллион доллар шамасында. Екіншіден, ғарышкерді турист ретінде жібермей, ол ғарышта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек. Ал бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары болуы қажет. Бұл жоспарды біздің министрліктер, мемлекеттік органдар беруі керек. Осы жұмыс бәрі жасалса және Парламент қолдаса, жоспар бар”, — деп хабарлады Атамқұлов Мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Ғарышты осы күнге дейін қазақтың үш ғарышкері бағындырды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты. Ғарышта өткізген уақыты — 7 күн 22 сағат 13 минут. Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет – 1994, 1998 және 2001 жылы ұшты. Ғарышта болған жалпы уақыты — 341 күн 9 сағат 48 мин. Ал Айдын Айымбетов Қазақстан азаматы ретінде ұшқан тұңғыш ғарышкер, ол 2015 жылы ғарышты бағындырды. Айдын Айымбетов ғарышта 9 күн 20 сағат 13 мин болды.

Үш батырға да ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін “Халық қаһарманы” атағы берілген.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Алматылық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (фото)

Талқылау