Министр Ақтөбеде сойқан салған содырлардың тізімінен қате кеткенін мойындады

Жұма, 24 Маусым , 2016 7:45

Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар террористетдің тізімінен қате кеткенін Ішкі істер министрінің өзі мойындады. Қалмұхамбет Қасымов жақында содырлардың аты-жөнін қайта жариялаймыз деді.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

9X88SyAGb-M

Сурет kstnews.kz

Бас полицейдің айтуынша, министрлік таратқан ресми ақапартқа интернетте жүрген лаңкестердің тізімі сай келмейді екен. Қазір Ақтөбедегі қанды оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр. Қорытындысы шыққан соң содырлардың аты-жөнін қайта жарияланбақ.

Өйткені, түсініксіз жағдайда террористердің тізіміне Байнасай ауылындағы мектептің 11-шы сынып оқушысы Сағынған Сейітқали де еніп кеткен. Ал, Ақтөбе қаласының тұрғыны Данияр Уайсов болса, өзін полицейлердің қолынан қаза болған лаңкестердің қатарынан көріп, талып қала жаздапты.

5-маусым күні бір топ қаскөй Ақтөбедегі қару сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Содырлардың қолынан сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды. Ал, 9-ы тірідей ұсталған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Сонда калай бизге ягни халыкка жалган акпарат бергенба тусиниксиз

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар