Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Менің ашуымды білесіздер: Сахна төрінде тұрған Төреғали Төреәлі көрермендеріне ескерту жасады (видео)
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Шымкентте өткен қайырымдылық концертінде өнер көрсетті. Сахна төрінде әнші ән шырқап қана қоймай, көрермендермен тілдесіп те үлгерді.

Бұл туралы «Отырар» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Кеш барысында Төреғалидің тыңдармандары әншіге өнер көрсетуге мұрсат бермеді. Ол ән шырқап болған бойда көпшілік сахнаға қарай ағылып, әншімен суретке түсіп, қолтаңба беруін сұрады.
Өз кезегінде Төреәлінің ұлы өзін ашуландыруға болмайтынын айтып әзілдеді.
«Бір-бірімізді сыйлайық. Әр жердің өз мәдениетін сақтауға тырысайық. Болмаса менің ашуымды білесіздер», – дейді Төреш.
Шымкент тұрғындары әншіні құшақ жайып, жылы қарсы алды. Өз кезегінде әнші оларға алғыс білдірді.
«Шымкент жаныма жақын. Біздің көрермендер мейірімді әрі көңілді. Бұл жерде мені әрқашан жақсы қарсы алады», – дейді әнші.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”