Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді кейінге шегеру мәселесі бойынша парламентке заңнамалық өзгерістер ұсынды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсетуді 2020 жылғы 1 қаңтардан бастау туралы ұсыныс енгіземіз. Жеке тұлғалар, жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтушылар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек етіп жүргендер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарна төлей бастайды. Сондай-ақ кейбір санаттағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан аударылатын жарнаны да осы уақыттан төлеуді ұсынамыз”, — деді бүгін парламент мәжілісінің комитет отырысында вице-министр Ләззат Ақтаева.

Оның айтуынша, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардың жарна мөлшерін 5%-дан 1%-ға азайту ұсынылып отыр. Ал жұмыс берушілер 2018-2019 жылдары 1,5% мөлшерінде ақша аударуды жалғастыра береді.

“Бұл ретте 2020-2022 жылдары сақтандыру жүйесіне кірмеген азаматтарға тегін медициналық көмек көрсету сақталады”, — деді Ақтаева.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда жүкті әйел өзінің қарынын тілгілеп тастады

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Дәрігерлер қажетсіз анализ бен медициналық тексеру түрлерін атады

Белдегі майдан арылғыңыз келсе, мына қоспаны тұтыныңыз

Талқылау