Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллион теңге берді: Гүлбаршын Тергеубекова әріптесі Роза Рымбаеваның жұрттан жасырған құпиясын ашып қойды

Кең болсаң, кем болмайсың. Осы сөзді желеу еткен халық әртісі Роза Рымбаева қазақтың дауылпаз ақынын дәріптеу үшін қалтасындағы қаржысын аямаған. Бұл ақпарды әртістің өзі жасырғанымен, әріптестері жайып салды. Қуанышқызы рухани кешке қанша қаржы бөлді?

Миллион теңге берді: Гүлбаршын Тергеубекова әріптесі Роза Рымбаеваның жасырған құпиясын ашып қойды

Бұл туралы Hit.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Роза Қуанышқызы маған миллион теңге көмек көрсетті», – дейді дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова.

Осы күндері дәстүрлі әнші Әли Оқаповтың анасының тілеуін тілеп жүр. Өйткені Роза Рымбаева «Қасымның әндері» ән кешінің дүбірлеп өтуіне осымен екінші рет қол ұшын созуда.

«Осыдан үш жыл бұрын Қасым Аманжоловтың кешін өткіземін деп Гүлбаршын маған келген кезде, бірден балалық шағым есіме түсті. Менің ата-анам, біздің ауылдастарымыз, барлығымыз Қасым ағамыздың әнін тыңдап өстік. Үлкен опера жұлдыздары,әншілер радиодан, теледидардан орындап жататын», – дейді Роза Рымбаева.

Өз сөзінде аталған ән кешінің өтуіне қол ұшын созғанын жасырып қалған Роза Қуанышқызы белгілі ақынның әндерін ұмыттыруға болмайтынын атап өтті.

«Қазір рухани жаңғыру кезінде осындай құндылықтарымызды көтеріп, ақын-жазушыларымызды, композиторларымызды халықтың есіне түсіру керек. Бұл әндерді ұмыттыруға болмайды», – дейді халық әртісі.

Қазақстанның халық әртісі ғана емес, еліміздің басқа да жұлдыздары мен жас әншілері атаулы ақынның жиырмадан астам әнін өз репертуарына қосқан.

«Ол кісі маған жерлес болды. Бұрын «Қасым ағамыздың кеші неге өтпейді деп» ойланатынмын. Бала кезімізде домбырамен «Өзім туралы» әнін орындаған едім», – дейді Гүлбаршын Тергеубекова.

Қарқаралы жерінде дүниеге келіп, небәрі 44 жас өмір сүрген Қасым Аманжолов өмірімен де, өлеңімен де танылды. Өмірден ерте кетсе де, артында қалған ұрпаққа мол мұра қалдырды. Ал сол мұраны жалғау біздің қолымызда, дейді әнші Өмірқұл Айниязов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау