Миллион доллар алып әлемге танылған модель бүгінде қайыр тілеп жүр

80 жылдардың соңында испандық ару Настасьи Урбано көптеген журналдардың мұқабасында жүретін. Модель Yves Saint Lauren сән үйімен келісімге отырған соң әлемге танылады бастады.

1988 жылы Настасья «Опиум» парфюмінің бейнесі болды. Оның жарнамалық ролигін әйгілі  Дэвид Линч жасады. Кейбір эротикалық видеосын бірнеше елде көрсетіуге тыйым салынды.

Бүгінде Настасье 57 жаста. Қазір үй-күйсіз қаңғырып жүр. Үйі мен бар табысынан айырылған. Көшедегілерден ақша сұрайды. Ол Барселона көшесінде кезіп жүр. Түнде банкомат маңында түнейді. Оның бұрынғы атағы жайлы тек ғаламтордан ғана оқуға болады.

“20 жасымда Европадан Нью-Йоркке көшіп келдім. Ford Models модель агенттігімен келісім жасастым. Жылына млн доллар төледі. Джеком Николсон, Роман Полански, Энди Уорхолмен түскі ас іштім. Мелани Гриффитпен, Дон Джонсонмен кездестім”, – дейді модель.

Модель тұрмысқа шығып, ана атанған соң өмірі өзгере бастайды. Күйеуі оның өмірін құртқан.

Модель үйін сатып, пәтерден пәтерге көшіп тұра бастаған. Өзінің пәтерақы төлей алмайтын күйге жеткенін кеш түсінген.

“Күйеуіме ессіз ғашық болдым. Ол менімен танысқан соң екі күннен кейін көлік сатып алып беруін сұрады. Мен келістім”, – дейді модель.

Қазір Настасья балаларымен араласпайды. Өз халін көрсетуге ұялады. Оның әлемге танылған екі құрбысы бар. Рут Шулер мен Эрнандо Эррера. Олар Настасьяны қашанда қолдайды. Модель аяққа қайта тұрып, үйлі болғысы келеді.

“Мен күн көріп емес, өмір сүргім келеді. Достарымнан ақша сұрағаннан шаршадым. Таныстарымның бәрі теріс айналды. Мені үшін балалармның ұялғанын қаламаймын. Олар менімен мақтану үшін адам болғым келеді”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар