Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардер туған қаласының 10 мың тұрғынына 4 миллиард доллар таратып берді

Бар байлығы 4 млрд долларға бағаланатын бизнесмен осы ақшасының барлығын Камбоджа мен Вьетнам шекарасында орналасқан туған қаласының тұрғындарына таратып берген. Мұндай қайырымдылық шарасына қуанған тұрғындар әлі тойлатып жатыр.

0a1a544f24a94a62b634d4ec47a6a6473cdb18fc

Фото: capital.ua

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Као Нхэек қаласында 10 мыңдай тұрғын тұрады. Болашақ миллиардер Прак Сота да басқалардай кедей отбасында өмірге келген. Және оқу оқып білім алған, туған қаласынан шыққан жалғыз адам екен. 70 жылдары ол Таиландқа келіпкаучук сату бизнесімен айналысады. Ісі алға басып миллион долларлап табыс таба бастайды.

Бірде оның аяқ киім фабрикасында өрт шығып, 4 адам қаза табады. Бұл жағдайға қатты уайымдаған Сота қайтыс болғандардың туыстарына көмектесуге уәде береді. Алайда іс ақша берумен шектелмеді. Осы өрт бизнесменнің өміріне күрт өзгеріс алып келген.

Содан бері Сота Камбоджадағы кедейшілікпен белсенді түрде күресуге кіріскен және әр сәт сайын коррупция, бюрократиямен бетпе-бет келуде. Шенеуніктер оның ғимарат тұрғызуына, жұмысшылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік бермеген. Ақырында миллиардер барлық қайырымдылық шарасын өз қолына алу керек деп шешімге келеді.

“Мен ол жерде он жылдай уақыт болмаған екенмін, онда бәрі өзгеріп кеткен шығар деп көргім келді. Мен таңқалдым. Ол жерде ештеңе өзгермеген. Керісінше жағдай нашарлап кеткен. Соны көріп өзім өскен өлкедегі адамдарға қолымдағы бар ақшаны беремін деп шештім”, – дейді ол.

16 қазан күні Сота арнайы баспасөз мәслихатын да өткізген.

“Каода 10 000-нан аз адам тұрмайды. Мен өз байлығымның 98 пайызын сол адамдарды қолдауға жұмсаймын. Олар бұл ақшаны өз армандарына қол жеткізу үшін жұмсай алады. Оларда да мен жететін жетістікке жету үшін мүмкіндік пайда болса екен деймін”, – деді бизнесмен.

Ал шенеуніктер болса бизнесменнің бұл әрекетін сын да айтыпты.

“Каодағы фермерлер мұндай ақшаны 500 жылда табады, ал қарапайым адамдар 5000 жылда шығар. Бұл Сота тарапынан жасалып отырған жауапсыз әрекет. Адамдар ақшаны ақылмен жұмсайды деп ойлаймыз”, – деді жергілікті шенеуніктердің бірі.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар тіс пастасының денсаулыққа ерекше пайдасын анықтады

Ақтауда зорланған бүлдіршінді емдеуге неміс дәрігері көмектесетін болды

Ақтөбеде еркектер ұрық тапсырып ақша таба алатын болды

Маңғыстау облысында 6 оқушы мұсылмандық иіссудан уланып қалды

Талқылау