Миллиардер ауылдастарына 258 вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Игі істің де жазығы бар! Ауылдастарына зәулім-зәулім виллалар соғып берген қытайлық миллиардер бұл сөздің мағынасын жете түсінді. Себебі ол жерлестерін қуанту үшін ондаған миллион доллар ақша жұмсады.

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда тұрғындар кімге бір, ал кімге бірнеше вилла түсетінін шеше алмай, дауласуда. Дәл осы себепті 258 вилла бос тұр.

Осыдан бес жыл бұрын миллиардер Чэнь Шен (Chen Sheng) 258 вилланың құрылысына 31,9 миллион доллар бөлді. Әр үй екі қабаттан тұрады. Оның әрқайсысында 5 жатын, 2 қонақ бөлме, гараж бен кішігірім бау-бақша бар. Бірнеше үйдің ортақ алаңында спорттық алаңдар, тіпті арнайы мерекелік шараларға арналған сахна бар. Виллалардың құрылысы 2016 жылы аяқталғанымен, олар әлі де бос тұр.

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Миллиардер тұрғындарға үйді тегін ұсынған. Алайда ауылдастар өзара дауласып, әлі күнге дейін виллаға кіре алмай отыр.

2013 жылғы санаққа сәйкес, кішігіріп ауылда 190 отбасы есепке алынған. Алайда құрылыс жүріп жатқан уақытта аймаққа жаңа тұрғындар келіп қоныстанған. Чэнь Шен барлығына жетсін деген ниетпен тағы 68 үй салды. Алайда оның бұл ісі үлкен ағаттық болды.

Құрылыс жоспары жария етілгеннен кейін, ауыл тұрғындары өзара қырық-пышақ болды. Кей отбасылар балаларының көптігін сылтауратып, екі вилла сұраған. Енді біреулер алдағы уақытта көбейетінін айтып, бірнеше үйді бір-ақ талап етіпті. Бұл аралықта ауылдан көшіп кеткен тұрғындар қайта оралып, виллаға құқықтары бар екенін мәлімдеген.

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Чэнь Шен ауылға келсе болды, жергілікті тұрғындар үй бөлісу мәселесін шешіп беруді сұраған-ды. Ауылдастарынан көңілі қалған миллиардер ақырында туған жеріне келуді қойған. Сондықтан да виллалар бос тұр, ал тұрғындар әлі де қырғи-қабақ болып, таласуда.

Шэн үйден бөлек, ауыл маңынан доңыз фермасын тұрғызып, бау-бақша отырғызбақшы болған. Ол осылайша жерлестерін жұмыспен қамтуды көздеген. Сараңдық танытпаған жағдайда, жергілікті тұрғындардың жылдық табысы 32 мың долларға дейін жетер еді. Алайда бұл жоспардың орындалуы енді екіталай.

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Ал бұл аралықта бос тұрған виллаларға ұры түсе бастаған. Бұзақылар үй терезелерін сындырып, үйдің күл-талқанын шығарған. Енді бос тұрған виллалар жөндеуді қажет етуде.

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Миллиардер ауылдастарына 258 зәулім вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Тағы оқыңыз: 

Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды

Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады

Сауд Арабиялық ханзада 90 мың евроға порноға тапсырыс беріп, төлемей кеткен

Сүйікті кейіпкеріне ұқсағысы келген бойжеткен пластикалық отасыз-ақ “тірі қуыршаққа” айналды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар