Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Мейрамбек Бесбаев “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына қатысып, елді мазалап жүрген біраз сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде мәдениет әлеміндегі олқылықтарды атап, онымен күресуге шақырған жазушы Қали Сәрсенбайдың хатын сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Біріншіден, Мейрамбек Бесбаев атақты жазушының өзінің шығармашылығы мен айтқан сөзіне қызығушылық танытқанына таңғалғанын жеткізді.

“Шынымды айтсам, сондай үлкен кісілер біздерді оқиды деп ойламаппын. Ойымызды қадағалағаны үшін рахмет айтамын, біраз назын айтқан екен. Келешекте дұрыс болады деп ойлаймын. Жастарды қанша сынай бергенмен, олардың ішінде де ақылдылары, естілері бар. Бұл жерде мені меңзеп отырғанымен, “келінім сен тыңда” деген сияқты әңгіме екен. Жалпы маған емес, бірталай өнер адамдарына керекті көп әңгімелер жазыпты. Мен енді бұған Құдай қаласа кеңінен жауап беруге тырысамын. Қазір концертке дайындық үстіндемін. Концерттен кейін асықпай, мүмкін ағамызбен бірге отырып, өзіне тікелей жауап беретін шығармын”, – деп бастады сөзін Мейрамбек.

Бесбаев өнердегі кемшіліктерді талқылап, теріс нәрселерге жол бермеу үшін әріптестерімен талай бас қосқанын айтты. Алайда қолда билік болмағандықтан, ол бастамамыз аяқсыз қалды дейді әнші.

“Бірнеше жыл бұрын талай-талай өзара жиналыстар жасағанбыз. Оның ішінде көптеген өнер адамдары болды. Әншілер, аға буын өкілдері. Басында келісіп аламыз да, аяғында аяқсыз қалып кетеді. Неге десеңіз, бізде бәрібір билік болмағаннан кейін жиналып алып, мынау өтсін, мынау өтпесін деп еш жерде айта алмаймыз. Сондықтан эфирге әркім шығуға құқылы. Сонымен бұл мәселе сол күйі қалып қойған еді. Енді келешекте шынымен жаны ашитын билік басындағы, мәдениетте, өнерге жақын адамдар осыны қолға алады деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Мейрамбек Бесбаев.

Әнші қазақ эстрадасын ұятты және ұятсыз әншілерге бөлуінің себебін түсіндірді.

“Өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, көгілдір экранда не боп жатқанын. Өзіміз сол қазанда қайнап жатқаннан кейін оған аса мән бермейтінбіз. Өнер адамы, әріптесім деп қарайтынбыз. Қазір әке болып, бала-шаға тәрбиелеп жатқаннан кейін, ол немен сусындар жатыр, біздің экран не көрсетіп жатыр деген сияқты қадағалаймын. Көбінесе ел музыкалық бағдарламаларды қарайды, осындай шоулар өте керек. Ол көбінесе эстрада жұлдыздары, содан кейін қарасам тәрбиелік мәні бар ма, жоқ па деген сұрақ келді. Содан кейін “ұятсыз әншілер”, “ұяты бар әншілер” деп бөлуге тура келді”, – деп атап өтті Бесбаев.

Мейрамбек Әбіләшімұлы ұлттық құндылықтар турасына келгенде көршілес қырғыз, өзбек елдерінен үлгі алуға болатынын айтты.

“Мұны тоқтатуға болмайды деп ойламаймын. Әр халықтың моралдық тұрғыдан құндылықтары бар. Мысалы, көршілес тұрған Өзбекстанда көркемдік кеңессіз бірде бір әнші теледидардан көрсетілмейді. Енді түбегейлі шектеу қою керек демеймін, ол жақта да заманауи нәрселерді көрсетеді. Бірақ тәрбиелік мәні бар ма, біздің ұлттың жойылып кетуіне себеп болмай ма деген сұрақтарға сай сараптап шығады. Мына тұрған Қырғыз елінде де солай. Көптеген жерлерді аралаймын. Сонда өзіндік дәстүрін сақтап қалып, бірақ қазіргі заманға сай креативті жақсылап жасап жатқан дүниелері бар. Солай істесек болады ғой бізге де. Зайырлы мемлекетпіз деп бәрін алып кеп, қалай болса солай жүре берген болмайтын шығар”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденованың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Арман мен Аша қыздары Асылымның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі ғашығымен ара-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді

Талқылау