Мейрамбек Бесбаев Жамбыл Жабаевтың көлігін көрсетті (видео)
Мейрамбек Бесбаев Алматы облысындағы Жамбыл музейінде болып, жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың көлігін көрсетті.

Әнші көлікті көзімен көріп ғана қоймай, ішіне де отырды. Ол жыр алыбының көлігінде отырған сәтінің видеожазбасын Instagram-дағы жеке парақшасында жариялаған.
Сонымен қатар әнші Жамбыл ақынның домбырасын қолына алып, тартып көрді.
«Бұл – атамыздың 1885 жылы ұстаған домбырасы. Атамыздың 3 домбырасы болған. Солардың ең көнесі осы екен. Өзінің музейінде сақталып тұр», – дейді әнші.
Өз кезегінде оқырмандары әншінің тектілігіне тәнті болып, жыр алыбы Жамбылдай жүз жасауын тілеп жатты.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”