Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваның өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді
Қазақ халқының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевқа “даусы жоқ” деп баға бергені үшін Халық артисі Роза Рымбаеваның басы дауға қалды. Көптеген тыңдармандар сұхбаттың толық нұсқасын көріп үлгерместен, Роза Қуанышқызын жерден алып, жерге салған. Бұл ретте Мейрамбек Бесбаев өнердегі әпкесін жақтап, оған тіл тигізбеуді өтінді, деп жазады Stan.kz.

“Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!” – деп пікірін білдірді ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Роза Қуанышқызы Мейрамбектің асқан даусы болмаса да, оны бүкіл халық жақсы көретінін, өзі де жақсы көріп тыңдайтынын айтқан болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Ауырып қалса, жауапты біз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді
Қазақстандық мұғалімдерді жаңа Конституцияны қолдауға ешкім мәжбүрлеген жоқ – Министрлік
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді