Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Планетаға сыймай жүрген жастарды көріп жүрміз

Мейрамбек Бесбаев кей жастардың жер-көкке сыймай жүргенін ашына айтты. Әншінің пікірінше, ондай адамды тәрбиелеуге тырысудың өзі бос әурешілік. Ол елге мінез көрсеткендерді Жаратқанның өзі орнына қояды деген пікірде. Сондай-ақ, Бесбаев алғаш рет Төреғалидің ерсі әрекетіне қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“Қанша талантты болсын, қандай аспандағы жұлдыз болсын адамгершілікке, тәрбиеге келіп тіреледі. Кенен атам: “Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, түбі тартпай қоймас негізге”, – дейді. Түбі қалпы дұрыс болмаса, ол бәрібір бір жерден шығып тұрады. Қазіргі жастарға тәрбие, тәртіптің жетіспеушілігінен шығар деп ойлаймын. Оның үстіне, бақты көтере алатын, көтере алмайтын жандар бар. Аяқ астынан бағы жанып кеткен кезде адам өзі түсінбей қалуы мүмкін. Планетаға сыймай кетіп жатқан жастарды көріп жүрміз, өкінішке қарай. Бірақ бәрібір оны Алла Тағала тәубесіне келтіреді. Оны адам баласы, туған-туысы келтіре алмайды. Қалай құйылды, солай кетеді. Айт-айтпа бәрібір екен, Алла өзі ретке келтіреді”, – дейді Мейрамбек.

Бесбаев бір кездері өзінің де басына берілген бақты көтере алмай кеткенін еске алды. Алайда тура жолға қайта түсуіме ұстазым Алтынбек Қоразбаевтың көмегі көп тиді, дейді әнші.

“Алтынбек Қоразбаевтың қасында жүргеннен кейін шығар, көп нәрседен өзімді тежеп отырғаным. Бала күнімде өңшең жұлдыздардың ортасына түсе салу маған да оңай тиген жоқ. Бүкіл мектепте танып жатады, кейде сабақ оқымаған кезде мұғалімдер де көз жұма қарайтын. Соның бәрі мінезіме кері әсер еткен тұстары болды. Бірақ көкемнің арқасында тураладық деп айтуға болады”, – дейді Мейрамбек.

Жіберіп алмаңыз:

Жанболат пен Жазира бала сүю үшін ем қабылдап жүргендерін айтты

Әбдіжаппар Әлқожа 5 жыл ауруханада жатқан кезін еске алып, көзіне жас алды

Жақын досы Айқынның екі отбасын асырап отырғанын ашық айтты

Желідегі тікелей эфирде қымсынбастан кальян шеккен Айсәуле Бақытбек жұртты ашуландырды (видео)

 

 

Талқылау