Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бірігіп концерт бермек

Бала кезінен сахнаға бірге шыққан Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков тағы да бірігіп концерт беруді жоспарлап отыр.

toktar-serikov-besbaevpen

Бұл туралы Тоқтар Серіков Zhuldyz.TV-ға берген сұхбатында айтты.

«Мейрамбек екеуміздің кешіміз Алматы және Астанада өтеді. Тағы бүкіл Қазақстанды аралайтын ойымыз бар. Ол Мейрамбек екеуміз және екеуміз осы күнге дейін тәрбиелеген шәкірттерімізді алып шықпақпыз. Шәкірттерімнің де жеке концерттерін жасамақшымыз. Қанат Үмбетовтің, Руслан Мамытовтың кештерін жасап, халықпен қауыштырмақпыз. Уақыт көрсетеді», – деді Тоқтар Серіков.

Бұдан бөлек, өткен жылдың желтоқсан айында концерт берген жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт наурыз айынан бастап бүкіл Қазақстанды аралайтын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)

Керменбаев: Келіншегім сыйлаған Құраннан кейін дүниеге деген көзқарасым өзгерді

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Автобус қағып өлтірген әйел қазақстандық әншінің әжесі болып шықты

Талқылау