Мейрамбек Бесбаев Еуразия ұлттық университетінің магистрі атанды
Білім алуға қай жаста да кеш емес. Күні кеше Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, әлеуметтік ғылымдар магистрі атанған Мейрамбек Бесбаев бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Аталған білім ордасын Бесбаевпен бірге көп жылдан бері “Музарт” тобының директоры қызметін атқарып келе жатқан Ерлан Жүнісбай да тәмамдаған. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Лев Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар магистрлерін құттықтап қойыңыздар, достар! “Бәрі таниды ғой, былай-ақ өткізе салған шығар”, “Сатып алған шығар” деген әңгіме айтуым жоқ. (Екеуін де ешкім танымапты, ақша алмапты ) Білім инемен құдық қазғандай. Алла тағала баршамызды пайдалы іліммен сусындата берсін”, – деп жұртты күлдірді Майғазиев.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған