Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірімді жандарға қарағанда ызақор адамдардың ми көлемі кіші болады

Бірқатар зерттеулер мен эксперименттер жүргізген нейрофизиолог мамандар ызақор адамдардың ми көлемі мейірімді жандарға қарағанда едәуір кішкентай болатынын анықтады.

248

Бұл туралы  planet-today.ru хабарлайлы.

Бірегей тәжірибеге үш жүз ерікті қатысты. Олардың жартысы жан-жағындағы адамдарға мейірімділікпен қараса, қалған бөлігі ызалы, өпкелі, ашушаң мінез-құлық иесі болған.

Зерттеу барысында мейірімді адамдардың миы ашушаң адамдарға қарағанда үлкенірек екені анықталды, сондықтан эксперимент авторлары миы кішірек адамдардың табиғатынан мінез-құлқы ашушаң болады, оларды бұл үшін кінәлау орынсыз деген тұжырымға келді.

Авторлардың тұжырымымен барлық мамандар келісе қоймады, көпшілігі зерттеуге аз адам қатысқанын, алынған нәтиже дәйекті дәлел бола алмайтынына сенімді.

Талқылау