Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешіт қызметкері жаттығу залында түскен суреті үшін қызметінен қуылды

Израильдің Акре қаласында мешіт қызметкері жаттығу залында түскен суретін жариялағаннан кейін қызметінен қуылды.

Мешіт қызметкері жаттығу залында түскен суреті үшін қызметінен қуылды

Бұл туралы The Telegraph басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ибрахим Әл-Масри өзін қызметіне қайтаруды талап етті. Ол Әл-Джаззар мешітінің басшылығы өзінің 2017 жылы бодибилдингтен чемпионатта түскен суретін көргеннен кейін, азан шақырушы қызметінен босатқанын мәлімдеді. Айтуынша, олар азан шақырушының бодибилдингпен әуестенуі дін қызметкері үшін лайықсыз деп санаған.

«Спорттың әр түрі үшін өзінің арнайы киімі бар. Мысалы, футбол, теннис, жүзу үшін. Бодибилдингте де солай. Мұндай болады деп ойламадым. Израильдің демократиялық мемлекет екеніне сенімдімін. Егер біреу қателікке бой алдырса, оны түзей алады. Алайда қателікті өзге қателікпен түзеу… Бұл жақсы емес», – дейді Әл-Масри.

Мешіт қызметкері жаттығу залында түскен суреті үшін қызметінен қуылды

Мемлекеттің ішкі істер министрлігінің еврейлік емес діни мекемелерді бақылаумен айналысатын өкілінің мәліметінше, ер адам бекітілген ережеге сәйкес қызметінен босатылған. Ведомстводағылар бұл жайтқа қатысты басқа мәлімет бермеді. Сондай-ақ, Әл-Масри жұмыс істеген мешіттегілер де журналистермен тілдесуден бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау