Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты
Әнші Меруерт Түсіпбаева шәлкез мінезін еш жасырмайды. Өзіне тиіскендерді аямайтынын айтқан әнші жақында өзін жамандаған бойжеткенге ашуланып, полицейлерге ұстатып бергенін еске алды.

Сурет comode.kz
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Instagram желісінде боқтық сөздер жазды, білмеймін мен әкесін өлтіргендей. Содан кейін мен бір қызды ұстап алдым да, ол қыз ойлаған мені таппайды деп, лақап атпен отырған. ІІД-ге хат жазып, ол қызды таптым, ол аяғыма жығылып жылады”, – дейді Меруерт.
Ол осындай тік мінездің арқасында көп адамға жақпай қалатынын да жасырмайды.
“Мен тікпін. Ұнаса ұнады деймін, ұнамаса ұнамады деймін. Мен амандаспаймын, көңіл күйім жақсы болса сөйлесемін, жақсы болмаса мен ешкімге кешіріңіз жағымпазданып, ой бұл продюсер, ой бұл киноға түсірмей қояды-ау, жақсы амандасайын бетінен сүйейін деген менде болмайды”, – дейді әнші.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі